Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау технологияларын бағалау ережесін бекітті

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2019 жылғы 22 мамырдағы № ҚР ДСМ-85 «Денсаулық сақтау технологияларын бағалау ережесін бекіту туралы» бұйрығы бекітілді.

 

Осы Қағидалар қоғамға және бүкіл мемлекетке, денсаулық сақтау саласына күтілетін медициналық, әлеуметтік және экономикалық нәтижеге қол жеткізу үшін және халыққа медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту мақсатымен денсаулық сақтау технологияларын енгізу, қолдану және (немесе) шығару туралы шешім қабылдау үшін ғылыми негізді қамтамасыз етуге бағытталған денсаулық сақтау технологиялардың бағалау (бұдан әрі- ДТБ) тәртібін реттейді. Қағидалар  ДТБ өткізу кезінде ДТБ әдістерін, уақыт мерзімдерін және процестегі барлық қатысушылардың өзара әрекеттесуін көрсетеді.

 

ДТБ халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету және бюджеттік ресурстарды оңтайлы пайдалану мақсатына қарай денсаулық сақтау тәжірибесінде оларды енгізу туралы шешімдер қабылдауды маңызды технологияларын анықтауға мүмкіндік беретін республикалық және өңірлік деңгейлерде, сондай-ақ басымды процесіне негізделген жеке денсаулық сақтау ұйымдар деңгейінде жүзеге асырылады.