24-28 маусым аралығында Нұр-Сұлтан қаласында сыртқы кешенді бағалау сарапшыларын дайындау бойынша оқыту курсы өтті.

 

 Курс аккредиттеу сарапшыларының деректер базасын кеңейтуге және оның құрамын жаңартуға бағытталған. Осы курсқа қатысу үшін тыңдаушылар ҚР Денсаулық сақтау министрінің м. а. 2015 жылғы 10 наурыздағы №127 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларының талаптарына сәйкес іріктеуден өтті.

24-25 маусымда Нұр-сұлтан қаласында перинаталдық өлім-жітімнің құпия аудиті мәселелері бойынша оқыту семинар-кеңесі өтті. 
 
Семинардың негізгі мақсаты – құпия аудитті өткізудің ұйымдастырушылық мәселелерін, сонымен қатар, қиындықтарын талқылай отырып, перинаталдық көмек көрсету сапасын жақсарту, өңірлердің медициналық ұйымдарында перинаталдық өлім-жітім жағдайларына жүргізілген  құпия аудит нәтижелерін талқылау, өңірлік үйлестірушілердің баяндамаларында айтылған түсіндірулер мен ескертулерді енгізе отырып, аталған аудит құралдарын талқылау.

2019 жылдың 14 маусымында «Формулярлық жүйе қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 28.12.2018 жылғы Қазақстан Республикасының Заңын орындау аясында қабылданды.

 

Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану формулярлық жүйені дамыту арқылы медициналық көмектің сапасын және емдеу нәтижелерін жақсарту үшін жүргізіледі.

20-21 маусым аралығында Щучинск қаласында «Rixos Borovoe» базасында Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының ұйымдастыруымен «Медициналық ұйымдардың басшылары үшін көшбасшылық» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

 

Іс-шараға Қазақстанның барлық аймақтарынан келген медициналық ұйымдардың бас дәрігерлері қатысты.

18-21 маусым аралығында құпия аудит жөніндегі орталық комиссияның төрағасы Бапаева Гаури Биллахановнаның, хатшысы, сарапшы-дәрігер Малгаздаров Гибрат Тлеукенұлының және қиын жағдайлар аудитінің ұлттық үйлестірушісі Үмбеталиев Еркін Тауфикұлының басшылығымен акушерлік практикада ана өлімінің және сыни жағдайлардың аудиті бойынша семинары өтті.

 

Іс – шара барысында қатысушылар ана өлімі оқиғаларының құпия аудитін жүргізу әдістемесі мен принциптерін және медициналық ұйым деңгейінде АКС үйлестірушісінің рөлін, аймақтық үйлестірушісінің рөлін, өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының рөлін, облыс деңгейінде ақпарат жинау кезіндегі проблемаларды қарастырды және 2009-2017 жылдары Қазақстанда құпия аудитті енгізу шешімдерін, нәтижелерін және прогресін, қиын жағдайлар аудитінің командасының сараптамалық техникалық кеңестерін қарап талқылады.