2018 жылғы 14-16 мамыр аралығында Прагада Joint Comission international (бұдан әрі – JCI) ұйымдастырған Prague Foundations of Accreditation семинары өтті. Оқытуда JCI стандарттары арқылы пациентке күтім көрсетудің сапасы мен қауіпсіздігін жақсарту мәселелері бойынша ақпарат ұсынылды, сондай-ақ амбулаториялық ұйымдарға арналған аккредиттеу стандарттарының JCI 4 нұсқасы бойынша және стационарларға арналған аккредиттеу стандарттарының 6 нұсқасы бойынша, аккредиттеу процесі және халықаралық аккредиттеуге дайындық мәселелері бойынша шолу жүргізілді.
Іс-шараға Германия, Австрия, Армения, Чех Республикасы, БАӘ, Қытай және Франциядан келген денсаулық сақтау саласындағы жетекші әлемдік клиникалардың қызметкерлері және сапа саласындағы мамандар қатысты. Қазақстан Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының Аккредиттеу орталығының қатысушыларымен ұсынылды.
Аккредиттеу рәсімін халықаралық деңгейде өткізуге (құжаттарды дайындау, беру, стандарттарды бағалау саясаты) және аккредиттеуден кейінгі кезеңдегі бизнес-процестердің ерекшеліктеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ тыңдаушыларға сапаны арттыру үшін талдау әдістері, мысалы, түпкілікті себептерді талдау (Root cause analysis), бас тарту себептері мен салдарын талдау (FMEA) және басқалар туралы айтылды.
2019 жылғы қаңтарда шыққан JCI амбулаторлық көмек стандарттарының жаңартылған 4 басылымы ұсынылды. Бұл стандарттар негізінен IPSG (пациент қауіпсіздігінің халықаралық мақсаттары), PFE (пациенттер мен отбасын оқыту), QPS (пациенттің сапасы мен қауіпсіздігін жақсарту) және ACC (қол жеткізу және үздіксіз күтім) сияқты стандарттардың пациентке бағытталған бөліктерімен толықтырылды. Сондай-ақ 2018 жылғы маусым айында Қазақстанның ұлттық аккредиттеу стандарттарына енгізілген ауруларды басқару бағдарламасының тиімділігін бағалау енгізілді.
Аккредиттеу медициналық ұйымға аккредиттеу стандарттарын қолдау есебінен медициналық көмектің сапасын арттыруды қамтамасыз ететін үздіксіз жақсарту процесінің тұрақты қатысушысы болуға мүмкіндік береді.