ДСДРО-да Байқау кеңестерінің хатшыларын оқыту бойынша жаттықтырушыларға арналған тренинг өтті

21-22 мамырда Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығында байқау кеңестері хатшыларының жұмысын оқыту бойынша аймақтық жаттықтырушылармен «Денсаулық сақтау жүйесіндегі корпоративтік басқару» тақырыбына оқыту семинар-тренингі өтті.

 

Корпоративтік хатшының орынбасары – «Самұрық-Қазына»АҚ Корпоративтік хатшы қызметінің басшысы Жәрдем Құрманғазиев оқуға шақырылған спикер болды. Ол «Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік басқару органдарының практикалық жұмыс тәжірибесімен, оның ішінде корпоративтік хатшылар жұмысының және Қазақстандағы компаниялардың корпоративтік басқару жүйесінің жай-күйімен бөлісті.

 

Семинар-тренинг барысында байқау кеңесі хатшысының жұмысын ұйымдастыру, корпоративтік құжаттарды енгізу мәселелері, ШЖҚ МК ішкі аудит қызметінің және атқарушы органының рөлі қаралды.

 

2018 жылғы қыркүйек айында «ҚР денсаулық сақтау ұйымдарында менеджментті және корпоративтік басқаруды дамыту» жобасы аясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Самұрық-Қазына» корпоративтік университетінің базасында өңірлерде каскадтық оқыту жүргізу үшін жаттықтырушыларды даярлауды өткізді. 2018 жылдың қорытындысы әдістеменің тиімділігін көрсетті: менеджментті және корпоративтік басқаруды дамыту тақырыбы бойынша жаттықтырушылар 1299 адамды оқытқан.