Денсаулық сақтау министрлігі ТМККК және МӘМС шеңберіндегі медициналық қызметтердің құнын бекітті

Қазақстанда жыл сайын халыққа тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтер бекітіледі.

 

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында ҚР Денсаулық сақтау министрі «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде  көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтер бекіту туралы» бұйрыққа қол қойды.

 

Бұйрықта медициналық көмек көрсетуге (дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған, медициналық-әлеуметтік) және жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсетуге арналған тарифтер белгіленген.

 

Бекітілген тарифтер медициналық ұйымдарға бір емделген жағдай үшін мемлекет бюджеттен өтейтін медициналық қызметтердің құнын айқындайды. Бұл ретте құны пациенттерге көрсетілген медициналық көмектің күрделілік деңгейіне қарай өзгереді. Бұл акушерлік-гинекологиялық және неонатологиялық бейіндер бойынша қызметтердің құнынан көрінеді.

 

Бұйрық ТМККК шеңберінде және кейіннен – МӘМС енгізу кезінде стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсететін  медициналық ұйымдарға арналған.

 

Аталған тарифтер ТМККК және МӘМС шеңберінде қолданылатындығын  атап өтеміз, сәйкесінше ҚР азаматтары, сондай-ақ тұрақты негізде ҚР тұратын шетел азаматтары  медициналық көмекті ТМККК шеңберінде тегін алады.