ДСДРО «Ұлттық аккредиттеу жүйесі және аккредиттеу стандарттары бойынша біліктілікті арттыру» оқыту курсына шақырады

2018 жылғы  22-26 қазанда ДСДРО Аккредиттеу орталығы «Ұлттық аккредиттеу жүйесі және аккредиттеу стандарттары бойынша біліктілікті арттыру» атты бес күндік оқыту курсын өткізуді жоспарлап отыр.

 

Оқытуға қатысуға ҚР медициналық ұйымдарды халықаралық және ұлттық аккредиттеу мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсетуге ДСДРО-ны одан әрі тарту мақсатында денсаулық сақтау мамандары (бас дәрігерлердің орынбасарлары, бас мейірбикелер, сапа жөніндегі орынбасарлары, ішкі аудит сарапшылары) шақырылады.

 

ДСДРО-ның тәжірибелі мамандары  өткізетін шебер-класстар, сондай-ақ үздік практикаларды көрсету мақсатында аккредиттеуге дайындық іс-шараларын жүргізу бойынша практикалық сабақтар (трейсерлер) жүргізу жоспарланады.

 

Өткізу орны: Астана қаласы (нақты орны қосымша хабарланатын болады).

 

Бір тыңдаушыны оқыту құны 48 221 теңгені құрайды.

 

Оқыту курсына қатысу мәселелері бойынша 8 (7172) 700-950 (ішкі 1129 – Әсел Болатқызы Құрманова) телефоны арқылы немесе asel.kurmanova.91@mail.ru электрондық мекен-жайы бойынша хабарласуға болады.