Ғылыми мақалаларжың өзектілігі тәжірибелік мамандардардың ғылыми дәлелдемелерге деген мұқтаждығымен ғана емес, сондай-ақ зерттеушілердің жұмысының нәтижесін бағалау қажеттілігімен айқындалады. Себебі ғылыми мақалалар жекелеген ғалымдар мен мекемелердің ғылыми жетістіктерін көрсететін маңызды наукометрикалық көрсеткіш болып табылады.
Денсаулық сақтауды дамытудың республикалық орталығының ғылыми-тәжірибелік басылымы - «Journal of Health Development» журналының редаакциясының сараптаудағы басты критерийлер – қолжазбалардың жоғары сапасы, шынайылығы мен оқырманға қажеттілігі болып табылады.
Журналымыздың оқырмандары мен авторларын ғылыми қолжазбаларды дайындаудың негізгі принциптерімен және талаптарымен таныстыру мақсатында басылымның кезекті сандарында Білім мен ғылымды дамыту орталығының жетекшісі, медицина ғылымдарының докторы В.В. Койковтың «Надлежащая практика подготовки научной публикации. Часть 1. Оригинальная научная статья», «Надлежащая практика подготовки научной публикации. Часть 2. Обзорная статья» атты мақалалары жарияланғанын хабарлаймыз.
Аталған мақалалар денсаулық сақтау саласы зерттеушілері мен ғалымдардың қалың көпшілігіне арналған.