Халықаралық туристік көрмеде туроператорлармен медициналық туризмнің дамуы туралы диалог өтті

26 қыркүйекте астаналық «Көрме» орталығында 12 елдің өкілдері қатысатын «Astana Leisure 2018» Қазақстандық Халықаралық туристік көрмесі өтіп кетті.

 

Іс-шарада  медициналық және сауықтыру туризміне баса назар аударылды. Осыған байланысты, көрме аясында медициналық және туристік ұйымдардың  өзара қарым-қатынасын жөнге салу мақсатында жүргізілген «Күрделі мәселелер және медициналық ұйымдар мен туристік қызмет ұйымдарының ынтымақтасу жолдары» конференциясы өтті.

 

Спикерлері ретінде Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Әбішев, ДСДРО бас директорының орынбасары Айман Искакова және «Көшпенділер» компаниясының бас директоры Бақдәулет Ташманов сөз сөйледі.

 

Өз сөзінде Айман Искакова медициналық және туристік ұйымдардың өзара әрекеттестігін дамыту үшін қабылданған қадамдар туралы хабарлады. Мәселен, жақында «Kazakhstan Travel Healthcare Council» медициналық туризм қауымдастығы құрылды. Сонымен қатар, өзара іс-қимыл регламенті және үлгі агенттік шарт – пациенттерді тартқаны үшін  сыйақы беру  сияқты аспектілердегі  ынтымақтастықты  реттейтін құжаттар әзірленді.

 

Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет мәселелері туралы» ҚР Заңжобасына  өзгерістер енгізу бойынша медициналық туризм және қазақстандық медициналық туризмніңартықшылықтарын тиімді пайдалану туралы ұсыныстар әзірленді және қарауға жіберілді.

 

«Отандық медтуризмді  дамытудағы  артықшылық ең алдымен,  қазіргі таңда бізде білікті дәрігерлері бар медициналық ұйымдар желісінің болуы және де біз жоғары технологиялық қызметтер көрсете аламыз. Сондай-ақ, Қазақстандағы ең төменгі медициналық қызметтер құны туризмдегі медициналық бағытты дамытудың маңызды факті болып табылады. Маркетингтік зерттеулер нәтижелері көрсеткендей, біздегі баға бүгінгі күні әлемдегі медициналық қызметтері ең арзан болып саналатын ел Үндістанға қарағанда төмен», - деп атап өтті Айман Искакова.

 

Соынмен қатар, ДСДРО-ның мәліметі бойынша, географиялық ыңғайлы орналасқандығынан басқа Қазақстанның артықшылықтары ұлттық және JCI  халықаралық аккредиттеудің болуы, шетелдіктер үшін елдің туристік тартымдылығы.

 

Сөз сөйлегеннен кейін спикерлер шетелдік және қазақстандық туристік, сондай-ақ медициналық ұйымдардың өкілдерімен  диалог өткізді, Қазақстанда медициналық туризмді дамытуға қажетті шаралар туралы оның ішінде әлемдік тәжірибені ескере отырып, ұсыныстар жинады.

 

«Бірақ, біз қандай да бір тамаша шешім бар деп айтпаймыз – Корея тәжірибесі немесе Қытай тәжірибесі. Мысалы, кезінде Корея Қазақстан сияқты, өз жолын қалыптастырған, және қазір олар континенте көшбасшылық орын алады. Егер бізде басқа елдерге ұқсайтын нәрсе болса, ол сәтсіздікке ұшырайды. Егер біз өзіміздің бірегей шешімізді тапсақ, онда дамуға және алға басуға мүмкіндік аламыз», – деді Ержан Әбішев.