8-9 қазанда Краков қаласында (Польша) интеграцияланған денсаулық сақтау – медициналық технологияларды бағалау шегінен тыс зерттеу тақырыбында «Дәлелдерге негізделген денсаулық сақтау» атты 13-ші Халықаралық Симпозиум болып өтті.
Жыл сайынғы іс-шараның ұйымдастырушысы Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің денсаулық сақтау саласындағы технологияларды бағалау қоғамы болды.
Симпозиум барысында Польша мен Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің сарапшылары 6 сессияның шеңберінде өздерінің зерттеу нәтижелерін, ұсыныстары мен мәселелерді шешудің нұсқаларын ұсынды:
- МТБ бойынша халықаралық ынтымақтастық – супраұлттық деңгейде шешу мүмкін бе?
- Интеграцияланған денсаулық сақтаудан құндылықтарға негізделген денсаулық сақтауға қарай
- Медициналық техника – құндылыққа негізделген денсаулық сақтау
- Пациенттердің ақпараттандырылған пікірі және оның денсаулық сақтаудағы шешімдерге әсері
- Жүелі шешімдер – мүмкіндіктер мен қиыншылықтар
- Дәлелдемелердің күші – әрдайым рандомизирленген клиникалық зерттеулер қажет пе
ДСДРО медициналық технологияларды бағалау бөлімінің бастығы Гаитова Камила (phd) спикері және тең төрағасы ретінде «МТБ бойынша халықаралық ынтымақтастық – супраұлттық деңгейде шешу мүмкін бе?» атты панельдік сессияға қатысты.
Өз баяндамасында ДСДРО қызметкері әріптестеріне жалпы Қазақстанның денсаулық сақтау саласында МТБ-ның дамуы туралы, шешімдер қабылдау жүйесі туралы, біздің еліміздегі жаңа медициналық технологиялар бойынша қызметтердің орнын толтыру туралы әңгімелеп берді; ДСДРО МТБ бөлімінің қызметі мен рөлі туралы баяндады, сондай-ақ МТБ саласында ұлтаралық деңгейде ынтымақтастық орнатуды ұсынды.
Іс-шара туралы толығырақ симпозиум сайтында: https://www.ceestahc.org/en/symposium.html?i1