Бүгін Нұр-Сұлтанда «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ базасында онкологиялық қызметті қаржыландыру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.
Талқылауға Ұлттық ғылыми онкология орталығының, Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының, Нұр-Сұлтан қаласының Онкологиялық орталығының, Қарағанды облысының Облыстық онкологиялық диспансерінің, «Қазақстан гематолог дәрігерлерінің қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің, Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының, Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында онкологиялық қызметті қаржыландыру мәселелері, Қазақстандағы онкологиялық және онкогематологиялық қызметтердің жағдайы мен даму перспективалары талқыланды, 2018-2022 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспардың негізгі бағыттары қаралды.
Сонымен қатар, медициналық қызметтер көлемін жоспарлау, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу, тариф белгілеу және көрсетілген қызметтер бойынша шығындарды өтеу, ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу мәселелері көтерілді.