2019 жылғы 17 маусымда Нұр-Сұлтанда ДСДРО базасында медициналық көмектің сапасын бақылау саласындағы және құндылыққа бағытталған денсаулық сақтау саласындағы үздік әлемдік практикаларға талдамалық шолулардың көпшілік талқылауы өтті.
Іс-шараға ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитеті, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ, Нұр-Сұлтан қ. Денсаулық сақтау басқармасы, Дүниежүзілік Банктің ЖБТ, ЖОО өкілдері, халықаралық және ұлттық сарапшылар қатысты.
Отырыс барысында медициналық ұйымдарда сапаны басқару моделін жетілдіру және құндылықтарға бағытталған тәсілді арттыру мәселелері талқыланды. Бұдан басқа, медицина қызметкерлерін лицензиялау және сертификаттау, қауіпсіздік мәдениетін арттыру және медициналық ұйымдарды аккредиттеуден өтуге ынталандыру мәселелері көтерілді.
Талқылау барысында мүдделі тұлғалардан алынған ұсынымдар медициналық қызметтердің сапасын басқарудың бірыңғай моделін әзірлеу үшін Дүниежүзілік Банктің «Әлеуметтік медициналық сақтандыру: қол жетімділікті, сапаны, экономикалық тиімділікті және қаржылық көмекті арттыру» жобасын орындау шеңберінде финалдық есепке енгізілетін болады.