11-12 маусымда Киев қаласында Медициналық туризмді дамыту жобасы аясында «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС қолдауымен Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы және жетекші отандық медициналық ұйымдардың өкілдері қатысқан медициналық және денсаулық сақтау туризмінің VIII халықаралық көрмесі өтті.
Қазақстандық және украиналық тараптардан басқа іс-шараға 10-нан астам елдің өкілдері қатысты: Австрия, Венгрия, Грузия, Үндістан, Латвия, Литва, Польша, Словакия, Түркия, Финляндия және Чехия.
Көрмеге қатысу ҚР клиникалары мен шипажайларына шетелдік медициналық туристерді тартуға, отандық медициналық ұйымдарды шетелде жылжытуға бағытталды.
Көрмеге қатысушылармен келіссөздер барысында өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту және нығайту бойынша уағдаластықтар белгіленді. Алдағы уақытта тәжірибемен алмасу үшін маман-дәрігерлерді тарту, шеберлік сыныптары мен консультациялар өткізу жоспарлануда
Көрме аясында халықаралық мамандардың қатысуымен медициналық туризмді жаһандық дамыту тақырыбында конференция өтті, саланың ағымдағы жағдайы және даму перспективалары талқыланды.