ДСДРО қызметкерлері Медицина қызметкері күні қарсаңында марапатталды

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ДСДРО-да салтанатты іс-шара өтті, оның шеңберінде ұйым қызметкерлерін бас директор Айнұр Айыпханова, бас директор орынбасарының м. а. Зарина Темекова және ДСДРО Байқау кеңесінің мүшесі Гүлнара Өтепова құттықтады.
 
Кәсіби мерекеге орай ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы бірқатар қызметкерлерін төс белгілерімен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапаттады.
 
«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен Стратегиялық даму орталығының басшысы Жания Нұрғалиева және МСАК дамыту бөлімінің бас маманы Нұржамал Ахмадьяр марапатталды. «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен экономика және жоспарлау секторының меңгерушісі Жансұлу Айтенова мен денсаулық сақтау кадрлық ресурстар обсерваториясының бас маманы Ғалия Мусина марапатталды.
 
Сонымен қатар, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құрмет грамоталарымен заң және әкімшілік жұмыс бөлімінің бас заңгері Құндыз Абдыкаримова және дәрілік саясат бөлімінің бас маман-талдаушысы Әсемгүл Рамазанова марапатталды.
 
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алғыс хаттары Аккредиттеу орталығының басшысы Ботагөз Қаупбаева мен медициналық білімді дамыту бөлімінің жетекші маманы Аякөз Үмбетжановаға берілді.
 
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі және сапасын бақылау комитетінің Төрайымы атынан Құрмет грамотасымен ДЗжМТҰПО-ның дәрілік саясат бөлімінің бастығы Сауле Жалдыбаева марапатталды.
 
ДСДРО құрмет грамоталарымен денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстары обсерваториясының бас маманы Тимур Умралин, «Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр» редакциясының бас редакторы Дидар Байдуллаева, денсаулық сақтау қызметтерін интеграциялау бөлімінің бас маманы Рамиз Кулиев, денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту бөлімінің жетекші менеджері Динара Халелова және медициналық білім беруді дамыту бөлімінің жетекші сарапшысы Жанагүл Бекбергенова марапатталды.
 
Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының алғыс хаттары макроэкономикалық зерттеулер бөлімінің бастығы Галина Загидуллинаға, электрондық денсаулық сақтауды стандарттау бөлімінің бас маманы Гүлім Абушкеноваға, жаһандық денсаулық сақтау орталығының бас сарапшысы Алмат Джувашевке, стандарттар бөлімінің жетекші маманы Жанар Мұсаханға және Аккредиттеу орталығының жетекші маманы Ақшолпан Смаилға берілді.
 
Әріптестерімізді кәсіби мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, сарқылмас қуат және жұмыста табыс тілейміз!