12 маусымда Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығымен бекітілген (2019 жылғы 4 мамырдағы № ҚР ДСМ-62 өзгерістері мен толықтырулары бар) 25 негізгі созылмалы аурулар үшін динамикалық бақылау тиімділігінің индикаторларын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.
Жұмыс тобының құрамына кіргендер: Жазира Иманова – Медициналық көмекті жетілдіру орталығының басшысы, Роза Абзалова – «Primary Health Care» Ұлттық қауымдастығының Басқарма төрағасы, Ғалия Сабатаева – «Көкшетау қаласының №1 қалалық емханасы «ШЖҚ МКК бас дәрігері, Бота Узденбаева – Тараз қаласының «Трансплантология және кардиохирургия ғылыми-клиникалық орталығы» ЖШС филиалы «ZHANUYA» емханасының бас дәрігері.
Отырыс барысында жұмыс тобы динамикалық бақылау тиімділігі индикаторларының жобасын қарады және бекітті.
Индикаторлар мынадай бағыттарды көрсететін болады: тіркелген халықты динамикалық бақылаумен қамтудың толықтығы; амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен қамтамасыз етілген, 25 нозология бойынша динамикалық бақылаудағы пациенттердің үлес салмағы; динамикалық бақылау көрсету сапасына пациенттердің қанағаттанушылығы және басқалар.
Динамикалық бақылаудың тиімділігін жақсарту бойынша жұмысты учаскелік дәрігер және учаскелік мейіргер амбулаториялық деңгейде жалғастырады.