Президент жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында елдің туристік саласын дамытуды жандандырудың маңыздылығын атап өткен болатын.
Бүгінгі таңда медициналық туризм жалпы туристік саланың бір бөлігі болып табылады. Оның айналымын шетелге операциялар мен басқа да медициналық процедураларға баратын саяхатшылар құрайлы.
Қазіргі таңдағы елдегі медициналық туризді дамытудағы өзекті мәселелер мен шешу жолдарын талқылау мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, қазақстандық медициналық туризм қауымдастығы, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының ауруханасы, Астана даму орталығы және республикалық ұлттық ғылыми орталықтар өкілдерінің қатысуымен бірінші кеңес өткізілді.
Осы кеңесте ҰҒДСДО медициналық туризмді дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасын таныстырды, сондай-ақ, медициналық туризмді дамытудың халықаралық тәжірибесімен және елдің медициналық туризмін дамыту жолындағы өзекті мәселелеріне тоқталды.
«Бүгінгі таңда медициналық туристер үшін ең тартымды елдер-Оңтүстік Корея, Германия, Ұлыбритания, Түркия, Жапония және Канада. Жалпы алғанда, медициналық туризмнің сипаты әлемнің әр түкпіріндегі озық технологиялар мен жоғары технологиялық қызметтер төңірегінде өрбуде. Бүгінде әлемдегі медициналық туризм саласындағы кең таралған қызметтері бұл - онкология, бедеулікті емдеу, кардиохирургия, мүшелер мен тіндерді трансплантаттау, ортопедиялық операциялар, стоматологиялық көмек және медициналық тексерулер болып отыр. Өз кезегінде, бүгінгі таңда Қазақстанда медициналық туризмді дамыту үшін атаулы факторлар бар, бұл географиялық орналасуы, саяси тұрақтылық, ТМД азаматтары үшін тілдік тосқауылдың болмауы, медициналық инфрақұрылым және білікті медицина қызметкерлер», - деп атап өтті ҰҒДСДО Басқарма төрайымының орынбасары.
Бұл жерде айта кету керек, кеңес барысында ҰҒДСДО-ны республика бойынша медициналық туризмді дамыту жөніндегі ұлттық үйлестіруші болып белгілеу ұсынылды.
Бұдан әрі кеңес жұмысында ҚР ПІБ клиникасы мен ұлттық ғылыми денсаулық сақтау орталықтары өкілдерінің медициналық қызметтер мен медициналық туризмді дамыту бойынша баяндамалары тыңдалды.
Жалпы жиын барысында қатысушылар осы тақырыптағы өзекті мәселелерді, тұтастай алғанда елдің медициналық туризмін дамытудың перспективалық бағыттарын талқылады.
Кеңес қорытындысы бойынша қатысушылар осы тақырып бойынша келесі жиынды мүдделі тұлғаларды тарта отырып, неғұрлым кең форматта ұйымдастыру қажет деген пікірге келді.