Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының сарапшылары инфекционистер мен эпидемиологтардың III қазақстандық конгресінің жұмысына қатысты

 

         Елордада 2023 жылғы 5-6 қазанда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен халықаралық «Жаһандану жағдайындағы инфекциялық аурулар: туындайтын мәселелер және оларды шешу жолдары» атты инфекционистердің III қазақстандық конгресі өтті.

         Екі күн ішінде конгресс қатысушылары жұқпалы аурулар тақырыбын кеңінен талқылады. Сонымен қатар, жұқпалы аурулармен ауыратын науқастарды емдеу, жұқпалы аурулардың жағдайлары мен ерекшеліктеріне клиникалық талдау жүргізілді, бұл мәселелер тек ғалымдарға ғана емес, сонымен қатар тәжірибелі дәрігерлерге де қызықты болды. Жиын барысында жұқпалы аурулардың вакцинопрофилактикасына және оның даму перспективаларына, зертханалық диагностикаға, жұқпалы аурулардың дәрілік терапиясына ерекше назар аударылды.

         Конгресс аясында спутниктік симпозиумдар, секция отырыстары, пленарлық отырыстар өткізілді.

         Осындай секциялардың бірінде «Клиникалық хаттамаларды жетілдіру аспектілері жұқпалы аурулар» (антибиотикалық терапия) бейіні бойынша» Дәрілік саясатты жетілдіру департаментінің директоры баяндама жасаған болатын.

         «Өздеріңіз білетіндей, клиникалық емдеу хаттамасы пациенттің белгілі бір ауруы немесе жай-күйі кезіндегі профилактика, диагностика, емдеу, медициналық оңалту және паллиативтік медициналық көмек бойынша ғылыми дәлелденген ұсынымдар болып табылады. Бүгінгі таңда республика бойынша 1103 қолданыста клиникалық емдеу хаттамалары болса, оның 6% - ы (66 КХ) «Жұқпалы аурулар» бейіні бойынша. Бірақ, бактерияға қарсы ұсынылатын препараттардың басым бөлігі Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтіп, ҚҰФ-қа енгізілген. Алайда, ҚР - да тіркелмеген бактерияға қарсы бірқатар қажетті дәрілік заттар да бар екендігін атап өткен жөн», -  деді сарапшы.

        Жалпы, конгресс жұмысы практикалық медицина қызметкерлерінің өзекті инфекциялық және эпидемиологиялық аурулар туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік берді, сондай-ақ мұндай іс-шаралар денсаулық сақтау жүйесінің әртүрлі құрылымдарының өзара іс-қимылына ықпал ететіні сөзсіз.