ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен ағымдағы жылдың 12-13 қазанында Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінде ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, М.ғ.д., профессор А. Гуляевтың 70 жылдық мерейтойына арналған Қазақстанның клиникалық фармакологтарының III халықаралық Конгресі өткізілді.
Конгресс жұмысына Польша, Румыния, Украина, АҚШ, Ресей Федерациясы, Молдова және Қазақстанның клиникалық фармакология саласындағы ғалымдары мен мамандары, дәрігерлер, медициналық, кәсіптік қауымдастықтары мен ғылыми ұйымдарының қызметкерлері қатысып, баяндама жасады.
Конгресс барысында клиникалық және жалпы фармакологияның, клиникалық фармацияның, денсаулық сақтаудағы клиникалық фармакология қызметін дамыту мәселелері кеңінен талқыланды.
Сондай-ақ, конгресс аясында жас ғалымдар байқауы және оқу, ғылыми және клиникалық процесті ақпараттық қамтамасыз ету бойынша шеберлік сыныптары ұйымдастырылған болатын.
Осы іс-шараға ҰҒДСДО сарапшылары онлайн форматта қатысып, қатысушыларға ҚР-да орфандық аурулары (сирек кездесетін) бар науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің негізгі аспектілері бойынша баяндама ұсынды. Баяндамада елімізде орфандық аурулар (сирек кездесетін) мен оларды емдеуге арналған дәрілік заттар тізбесін қалыптастырудың нормативтік құқықтық базасы, орфандық ауруларды (сирек кездесетін) емдеуге арналған мен дәрілік заттар тізбесін қалыптастыру қағидалары, емдеудің клиникалық хаттамаларына дәрілік заттарды енгізудің дәлелділік деңгейлері ұсынылды.