ҰҒДСДО медициналық техниканы тиімді жоспарлау және сатып алу негіздері бойынша тыңдаушылардың төртінші легін дайындады

 

       Бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласында негізгі бағыттардың бірі -медициналық ұйымдарды заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету болып табылады.

       Осыған байланысты, қажетті жабдықтармен жарақтандыру және сатып алу негіздерін үйрету мақсатында, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасы бойынша Қазақстанның денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдері үшін оқыту курсы әзірленген болатын.

        Оқу циклін әзірлеуші және ұйымдастырушы - ҚР ДСМ «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК.

         Медициналық техниканы тиімді жоспарлау және сатып алу бойынша 2022 жылғы қараша айынан бастап дайындалып, шығарылған тыңдаушылардың төртінші легі.

         Осы тұста айта кету керек, осы курс шеңберінде төртінші лекті оқыту 11 қыркүйектен 6 қазанға дейін жүргізілді.

         Осы курсқа қатысу үшін республиканың 9 өңірінен 25 қатысушы келген болатын.

         Жалпы бір ай ішінде тыңдаушыларға республиканың медициналық техника айналысы саласындағы нормативтік, реттеуші базасы және жүргізіліп жатқан орталықтандыру шеңберінде сатып алуды басқару, сатып алуды жоспарлау, заманауи медициналық техниканың түрлері бойынша ұсыныстарды талдау, шешімдер қабылдау үшін менеджменттің заманауи құралдарын пайдалану, технологияны бағалау, оны сатып алу және денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыру, денсаулық сақтау нысандары және т.б құрылысты жоспарлау ерекшеліктері бойынша толық ақпарат берілді.

        Оқытуды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының, Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының, ҚР Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасының, «СК-Фармация» ЖШС және «Turar Healthcare» КЕАҚ жоғары білікті сарапшы-практиктері жүргізді.

        Сонымен қатар, оқыту аясында тыңдаушылар Астанадағы жетекші медициналық ұйымдарына барды. Оның ішінде, ҚР Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы, «University Medical Center» диагностикалық орталығында болып, медициналық ұйымдардың қызметімен жіті танысты. Шығулар барысында орталықтар мамандары пайдаланатын жаңа технологиялар мен озық жабдықтармен, сондай-ақ медициналық техниканы сатып алуға және қызмет көрсетуге жауапты қызметтердің жұмысын ұйымдастырумен танысу мүмкіндігі болды. Осы медициналық мекемелердің өкілдері қонақтармен соңғы медициналық техниканы қолдана отырып пациенттерді емдеу тәжірибесімен бөлісті және қолданыста бар жабдықтарын көрсеткен болатын.

         Тағы бір айта кететін жәйт, ҰҒДСДО осы тақырыптағы оқыту курсын ағымдағы жылдың қараша айында өткізуді жоспарлауда.