2019 жылдың 14 маусымында «Формулярлық жүйе қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 28.12.2018 жылғы Қазақстан Республикасының Заңын орындау аясында қабылданды.
Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану формулярлық жүйені дамыту арқылы медициналық көмектің сапасын және емдеу нәтижелерін жақсарту үшін жүргізіледі.
Формулярлық жүйе үш деңгейде ұсынылған: республикалық, өңірлік және жергілікті, формулярлық жүйенің негізгі компоненттері:формулярлық комиссия;дәрілік формуляр; дәрілік заттардың формулярлық анықтамалығы; ұтымды фармакотерапия бойынша ұсынымдар; дәрілік заттардың ұтымды пайдаланылуын бағалау, осылайша қауіпсіз, тиімді, қолжетімді дәрілік заттарды оңтайлы пайдалануды қамтамасыз етеді.
Бекітілген нормативтік құжаттың маңызды бөлігі уәкілетті органның Формулярлық комиссиясының, облыстық денсаулық сақтау басқармаларының немесе денсаулық сақтау ұйымдарының формулярлық комиссияларын негізгі қызмет бағыттарын анықтау, сондай-ақ Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярына (ҚҰФ) және белгілі бір аурулары бар азаматтардың жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың Тізбесіне дәрілік заттарды бағалау және іріктеу тәртібі болып табылады. Дәрілік заттарды бағалау және іріктеу ҚҰФ-қа және Тізбеге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулықты дамыту республикалық орталығымен жүзеге асырады.
Формулярлық комиссия қызметінің негізгі мақсаты халықты дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуді жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу және уәкілетті органның қарауына ұсыну болып табылады.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының немесе денсаулық сақтау ұйымның формулярлық комиссиясы формулярлық жүйені және дәрілік заттарды ұтымды пайдалануды енгізу және қолдау арқылы тиісті аймақта немесе денсаулық сақтау ұйымында пайдаланылатын дәрілік заттарды сатып алудың, таңдаудың (тағайындаудың) және пайдалануды оңтайландырудың маңызды аспектілерін өз кезегінде реттейді.
Қолданыстағы бұйрықтың толық нұсқасымен http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1900018856 және http://zan.gov.kz/client/#!/doc/132517/rus сілтемелер арқылы таныса аласыз.