2019 жылдың 5-6 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында Ресей және Нидерланд халықаралық сарапшылар қатысуымен «Медициналық білім: үздіксіз медициналық және фармацевтикалық білім беру жүйесін жетілдіру» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді.
Іс-шара денсаулық сақтау саласындағы қосымша білім берудің өзекті мәселелерін талқылау және тәжірибемен алмасу, сонымен қатар медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерді оқыту үшін «Қазақстанның білім беруді дамытуды қолдау қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігімен ұйымдастырылды.
Конференция шеңберінде «2020-2025 жылдарға арналған халық денсаулығын жақсартудың мемлекеттік бағдарламасы» тақырыбындағы баяндамасымен «ДСДРО» РМК-ның бас директоры Айнұр Айыпханова сөз сөйледі.
Іс-шарада «Қазақстан Республикасында медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің қосымша білімі мен үздіксіз кәсіби дамуын одан әрі жетілдіру» бойынша БҒДО–ның басшысы м.ғ.д. Виталий Койков баяндама жасады.
ДЗМТҰПО басшысының орынбасары м.ғ.к. Гүлзира Жусупова «Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану. Қазақстан Республикасының заңнамасындағы жаңалық» тақырыбындағы баяндамасымен сөз сөйледі.
Сонымен қатар дәрілік заттарды ұтымды және дұрыс пайдалану, олардың қолжетімділігі және дәрілік жауапкершілігі, дәріханалық тиісті тәжірибесі, фармакоэкономика және фармацевтикалық кеңес беру туралы ф.ғ.д, профессор, И.М. Сеченов атындағы МММУ-нің дәрілік қамтамасыз ету және фармакоэкономиканы ұйымдастыру кафедрасының меңгерушісі Роза Ягудина және Еуропадағы фармацияны дамыту стратегиясының сарапшысы Франс Стоббелаар мастер-класстар өткізді.