ДСДРО Нұр-Сұлтандағы Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі семинарға қатысты

Бүгін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-да Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі семинар өтті.

 

 Іс-шараға Қазақстан Республикасы министрліктерінің және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының, үкіметтік емес сектордың өкілдері қатысты.

 

Семинар барысында БҰҰ Стамбул өңірлік хабының бағдарламалық маманы Елена Данилова «Тұрақты даму мақсаттарының мемлекеттік жоспарлау жүйесінің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына кірігуін жедел кешенді бағалау» жобасының қорытындыларымен бөлісті.

 

ДСДРО ғаламдық денсаулық сақтау орталығының жетекшісі Жомарт Орман Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы ТДМ-ның жетістіктерін талдау нәтижелері туралы айтты.

 

Іс-шараның қорытындысы бойынша қатысушылар Қазақстандағы ТДМ-ды жүзеге асыру бойынша алдағы қадамдарды талқылады.