ДСДРО-да сыртқы кешенді бағалау сарапшыларын апталық оқыту аяқталды

24-28 маусым аралығында Нұр-Сұлтан қаласында сыртқы кешенді бағалау сарапшыларын дайындау бойынша оқыту курсы өтті.

 

 Курс аккредиттеу сарапшыларының деректер базасын кеңейтуге және оның құрамын жаңартуға бағытталған. Осы курсқа қатысу үшін тыңдаушылар ҚР Денсаулық сақтау министрінің м. а. 2015 жылғы 10 наурыздағы №127 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларының талаптарына сәйкес іріктеуден өтті.

 

Қатысушылар алдында ДСДРО Аккредиттеу орталығының қызметкерлері Ботагөз Қаупбаева, Фархат Газезов, Сәуле Нұрманова, Гүлзия Қуандықова, сондай-ақ «Accreditation Canada» халықаралық сарапшысы Данияр Оспанов және Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларынан сыртқы кешенді бағалаудың тәжірибелі сарапшылары Салтанат Жабықова, Люция Гомель және Самал Дүйсекова сөз сөйледі. Оқыту практикалық бағытта болды: Нұр-Сұлтан медициналық ұйымдарының базасында сабақтар ұйымдастырылды, сыртқы кешенді бағалау әдістері – трейсер, бақылау, құжаттарға шолу және т. б. көрсетілді.

 

Курстың соңғы бөлімінде тыңдаушылар тестілеуден өтті. Аккредиттеу қағидаларына сәйкес, тестті сәтті тапсырудың арқасында бұдан әрі оқуға қатысушылар бақылаушылар ретінде (2 – кезең), ал 2-кезеңнен сәтті өткен жағдайда - «Медициналық ұйымдарды аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне аккредиттеу» мемлекеттік қызметін көрсету үшін сыртқы кешенді бағалау сарапшылары ретінде тартылатын болады.

 

Оқыту қорытындысы бойынша тыңдаушылар «Денсаулық сақтау саласында сыртқы кешенді бағалау және аккредиттеуден кейінгі мониторинг сарапшыларын даярлау бойынша біліктілікті арттыру» курсынан өткендігі туралы куәлік алды.