20-21 маусым аралығында Щучинск қаласында «Rixos Borovoe» базасында Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының ұйымдастыруымен «Медициналық ұйымдардың басшылары үшін көшбасшылық» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Іс-шараға Қазақстанның барлық аймақтарынан келген медициналық ұйымдардың бас дәрігерлері қатысты.
Көшбасшылық дағдыларын дамыту және тиімді басқарушы кадрларды қалыптастыруға арналған тренинг International Hospital Federation бағдарламасы бойынша әзірленді. Оқыту сертификатталған тренерлердің: ДСДРО серіктестік ынтымақтастық және адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Серік Амановтың және ДСДРО Менеджмент орталығының жетекші маманы Ботагоз Салхаеваның жетекшілігімен өтті.
Оқыту қатысушылардың көшбасшылық дағдыларды меңгеруіне, жүйелі дамуына, техникаларды меңгеруіне, өз командасының қызметін басқару әдістемелерін меңгеруіне, коммуникативтік дағдыларды өзгерту және жақсарту дағдыларын енгізуге бағытталды.