24-25 маусымда Нұр-сұлтан қаласында перинаталдық өлім-жітімнің құпия аудиті мәселелері бойынша оқыту семинар-кеңесі өтті.
Семинардың негізгі мақсаты – құпия аудитті өткізудің ұйымдастырушылық мәселелерін, сонымен қатар, қиындықтарын талқылай отырып, перинаталдық көмек көрсету сапасын жақсарту, өңірлердің медициналық ұйымдарында перинаталдық өлім-жітім жағдайларына жүргізілген құпия аудит нәтижелерін талқылау, өңірлік үйлестірушілердің баяндамаларында айтылған түсіндірулер мен ескертулерді енгізе отырып, аталған аудит құралдарын талқылау.
Іс-шараға қатысушылар алдында м. ғ. д., профессор, неонатология саласындағы жетекші сарапшы Тамара Чувакова, акушерлия және гинекология саласындағы жетекші сарапшы Зоя Ан, «Қазақстан неонатологтарының конгресі» Қауымдастығықоғамдық қорының президенті Бектұрған Қарин және «Қазақстан неонатологтарының конгресі» Қауымдастығы қоғамдық қорының өкілі Элина Азаматова семинар өткізді.
Оқыту қорытындысы бойынша тыңдаушылар «Перинаталдық өлім-жітімнің құпия аудиті» семинарынан өткендігі туралы сертификаттармен марапатталды.