ДСДРО және Әзірбайжан Қоғамдық денсаулық сақтау және реформалар орталығы ынтымақтастық туралы меморандум жасасты

24 маусымда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының бас директоры Айнұр Айыпханова мен Әзірбайжан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау және реформалар орталығының директоры Гахраман Ахвердиев Ынтымақтастық туралы меморандумжасаты

 

 Меморандум аясында денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру саласында елдер арасындағы ынтымақтастық дамитын болады. Келісім ұлттық аккредиттеу жүйесін құру саласындағы тәжірибе мен білімнің өзара тиімді трансферіне бағытталған.

 

 Әзірбайжан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау және реформалар орталығықоғамдық денсаулық сақтау қызметін ұйымдастыру, денсаулық сақтау бағдарламаларын әзірлеу және қолдану саласындағы негізгі бағыттарды айқындауды, медициналық мекемелердегі реформаларды реттеуді, сондай-ақ Әзірбайжанда Денсаулық сақтауды қаржыландыру саласындағы реформаларды жүргізудің әдістемелік негіздемесін жүзеге асырады.