Нұр-сұлтан қаласында құпия аудит бойынша семинар-тренингтер өтуде

18-21 маусым аралығында құпия аудит жөніндегі орталық комиссияның төрағасы Бапаева Гаури Биллахановнаның, хатшысы, сарапшы-дәрігер Малгаздаров Гибрат Тлеукенұлының және қиын жағдайлар аудитінің ұлттық үйлестірушісі Үмбеталиев Еркін Тауфикұлының басшылығымен акушерлік практикада ана өлімінің және сыни жағдайлардың аудиті бойынша семинары өтті.

 

Іс – шара барысында қатысушылар ана өлімі оқиғаларының құпия аудитін жүргізу әдістемесі мен принциптерін және медициналық ұйым деңгейінде АКС үйлестірушісінің рөлін, аймақтық үйлестірушісінің рөлін, өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының рөлін, облыс деңгейінде ақпарат жинау кезіндегі проблемаларды қарастырды және 2009-2017 жылдары Қазақстанда құпия аудитті енгізу шешімдерін, нәтижелерін және прогресін, қиын жағдайлар аудитінің командасының сараптамалық техникалық кеңестерін қарап талқылады.

 

24-25 маусым аралығында Медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстандық неонатологтар мектебінің негізін қалаушы, сарапшы дәрігер Чувакова Тамара Құрманғаиевна мен перинаталдық өлім аудитінің үйлестірушісі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Бас неонатологы Карин Бектурган Тынынбайұлы бастаған перинаталдық өлімнің құпия аудиті бойынша семинар-кеңес жоспарланып отыр. Семинар-кеңестерде перинаталдық аудитті жүргізудің маңыздылығы мен қажеттілігі, перинаталдық аудитті жүргізу әдіснамасын, ұйымдастыру мәселелерін/ескертулерді түсіндіре отырып, жүргізу қиындықтарын, сонымен қатар, перинаталдық аудитті жүргізу құралдарын, өңірлік үйлестірушілердің баяндамаларында айтылған пилоттық өңірлерде перинаталдық өлім-жітім жағдайларының аудит нәтижелерін талқылау жоспарлануда.

 

Аталған семинарларды Қазақстан Республикасы Медицина қызметкерлерінің әлеуетін күшейту мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы, ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, сонымен қатар, БҰҰ-ның халық саласындағы қорының (ЮНФПА) және БҰҰ-ның Балалар қорының (ЮНИСЕФ) техникалық қолдауымен, ДДҰ-ның «сандардан кейін не жатыр» әдіснамасы бойынша ана өлімі жағдайларының құпия аудитін және акушерлік практикадағы қиын жағдайлар аудитін енгізу бойынша семинарлар өткізіледі. Ана өлімі аудитін облыстық үйлестірушілері және акушерлік практикадағы қиын жағдайларға аудит жүргізуге жауапты тұлғалар семинар қатысушылары болып табылады.