Түркістанда денсаулық сақтау HR-менеджерлерінің республикалық конференциясы өтеді

 

        2023 жылғы 3 қарашада Түркістан қаласында Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаментінің қолдауымен «Инновациялар мен перспективалар» атты денсаулық сақтау HR-менеджерлерінің республикалық конференциясын өткізеді.

        Бұл конференция жыл сайын үш жыл бойына өткізіліп келеді және денсаулық сақтау жүйесі үшін маңызды іс-шара болып табылады.

        Конференцияның мақсаты - өңірлердің кадрлық қажеттілігін көрсете отырып, жоспарлаудың, болжаудың көрнекі мысалдарының таныстырылымы бар, бүкіл республиканың кадр ресурстары саласындағы сарапшылары үшін бірыңғай алаң құру арқылы денсаулық сақтау саласындағы HR-мамандардың кәсібилігін және жұмысының тиімділігін арттыру.

         Конференция барысында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, ағымдағы үрдістер мен кадр бойынша өзекті мәселелерді талқылай, жаңа әдістермен және аспаптармен таныса, кәсіби байланыс орната алады.

         Конференция жұмысына өңірлер басшыларының орынбасарлары, бөлім басшылары мен өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының кадр ресурстарымен жұмыс жөніндегі мамандарының, кадр бөлімі бастықтарының, медициналық ұйымдардың кадр және HR қызметтері мамандарының және еліміздің кадр ресурстары саласындағы сарапшылардың қатыуы күтілуде.

         Конференция гибридті форматта өтетін болады.

         Өтетін орны: Түркістан облысы, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, кіші зал, Б. Саттарханов даңғылы, 29.

         Конференцияға қатысты қосымша сұрақтар бойынша Ұлттық кадр ресурстары обсерваториясына мына нөмірлер арқылы хабарласуға болады: 8 701 520 83 71 Ольга Юрьевна Демушкан, 8 705 745 65 75 Тимур Өміралин.

         Сіздерді денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстары саласын дамытуға үлес қосатын сарапшылар қатарынан көруге қуаныштымыз.

         Сізді маңызды диалогтың бір бөлігі болуға шақырамыз!