Астанада ҰҒДСДО Басқарма Төрайымы Г.Құлкаева және «Джонсон & Джонсон» ЖШС-ның Қазақстан Республикасындағы филиалының директоры А.Назарбаев еліміздің денсаулық сақтау саласындағы бірлескен тәжірибелерді дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
«Біз еліміздің денсаулық сақтау саласын дамуына талдау жүргіземіз және біздің Орталық ғылыми-негізделген талдау, озық инновациялық технологияларды әзірлеу мен енгізу, денсаулық сақтау саласының жұмыс істеуі мен халық денсаулығының жай-күйіне мониторинг жүргізетін, салалық ақпараттық жүйені дамыту және елдегі менеджмент институтын күшейту бойынша Қазақстандағы жетекші ұйым болып табылады.
Сонымен бірге, бізде денсаулық сақтау технологияларын бағалау, елдің мемлекеттік дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуін зерттеу мен талдау, клиникалық зерттеулерді әзірлеу мен енгізу бағыттары бойынша үлкен тәжірибеміз бар. Сондай-ақ, орталықтың сарапшылары бұл жұмыстарды жүргізу үшін жеткілікті дағдыларға ие», - деп атап өтті ҰҒДСДО-ның Басқарма Төрайымы.
Меморандум шеңберінде тараптар ҚР денсаулық сақтау саласын дамытуға, талдамалық шолулар, жарияланымдар, статистикалық және анықтамалық материалдар дайындауға және алмасуға бағытталған бірлескен зерттеулер мен іс-шаралар (бірлескен конференциялар, форумдар, оқыту-практикалық семинарлар, симпозиумдар, дөңгелек үстелдер және өзге де іс-шаралар) өткізетін болады.
***Анықтама:
«Janssen» Johnson&Johnson фармацевтикалық компаниялар тобы құрамына кіреді және қазақстандық пациенттер үшін сапалы инновациялық емнің қолжетімділігін қолдайды.
Ол үшін «Janssen» медицина қызметкерлері мен пациенттерге өзекті ақпаратқа қол жеткізуде (заңнаманың барлық шектеулері мен талаптарына сәйкес) арнайы бағдарламалар құруды және денсаулық сақтау саласындағы ең жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті қолдауды қамтамасыз етіп келеді.
«Janssen» ҚР-дағы қызметі:
- Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 60 инновациялық дәрілік препарат тіркеген. Бұл дәрі – дәрмектердің ішінде көп дәріге төзімді туберкулезді емдеуге арналған серпінді терапия, псориазды инновациялық емдеу, жұлын бұлшықет атрофиясын емдеуге арналған терапиялар бар.
- амбулаториялық қамтамасыз ету үшін 14 нозологиядағы 26 атау бойынша тегін немесе жеңілдік дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізбесіне енгізген; 3 нозологиядағы 4 атау міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде қолжетімді.