2019 жылғы 6-9 қараша аралығында Оман Сұлтандығында 43-ші Ауруханалар халықаралық конгресі өтті.
Іс-шараға әлемнің 60 елінен келген 630-дан астам өкіл қатысты. Іс-шараға Қазақстаннан ДСДРО қызметкері қатысты.
Ауруханалардың халықаралық конгресі - бұл Халықаралық ауруханалар федерациясының (IHF) маңызды оқиғаларының бірі, ол денсаулық сақтау саласындағы ұлттық және халықаралық басқару саясатының негізгі факторларын талқылау үшін ұлттық және халықаралық ауруханалық ұйымдар мен қауымдастықтардың көшбасшыларын біріктіретін бірегей жаһандық форум болып табылады.
Форум аясында сапалы медициналық қызметтерді ұсына отырып, ауруханалар мен денсаулық сақтауды басқаруда көшбасшылықтың озық әдістерінде пәнаралық біліммен, тәжірибемен алмасу жүргізіледі.
43-ші Ауруханалардың халықаралық конгресіне қатысушылар баяндама жасап, әр түрлі тақырыптарға постерлік презентациялар ұсынды:
- Басқарушылық және көшбасшылық дағдылар медициналық қызмет көрсетудің тиімділігін арттыруға қалайша әсер етеді;
- Қаржылық шығындардың тиімділігін және медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға арналған кәсібиаралық көшбасшылық;
- Жергілікті және ұлттық экономикадағы медициналық ұйымдардың рөлі;
- Экономикалық шектелген әлемдегі медициналық ұйымның болашағы;
- Инновацияларды енгізуді жеделдету үшін медициналық ұйымдарда қолданылатын технологияларды бағалау;
- Денсаулық сақтау саласында инновацияларды әзірлеу үшін индустриялармен ынтымақтастықты енгізу.
«Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау менеджерлерінің құзыреттілігін дамыту» тақырыбында ДСДРО Менеджмент орталығының қызметкері Ботагөз Салтаева сөз сөйледі.
Сондай-ақ конгресс барысында қатысушылар МСАК жөніндегі Астана декларациясының қағидаттарын ескере отырып, бастапқы медициналық-санитариялық алғашқы көмекті және пациентке бағдарланған күтімді жақсарту, сондай-ақ денсаулық сақтау менеджерінің құзыреттілігін дамыту сияқты денсаулық сақтау саласындағы аса маңызды тақырыптарды талқылады.