2019 жылғы 4-8 қараша аралығында Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы менеджментті, корпоративтік басқаруды және HR-менеджментті дамыту мәселелері бойынша біліктілікті арттырудың апталық циклін өткізеді (54 сағат көлемінде).
Оқыту цикліне Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, кадр қызметінің басшылары мен қызметкерлері, Атырау облысындағыБайқау кеңестерінің заңгерлері мен хатшылары қатысады.
Дәрістік сабақтар барысында «Басқару моделі ретіндегікөшбасшылық. Қазіргі денсаулық сақтау менеджерінің құзыреттілігі», «Операциялық және стратегиялық жоспарларды әзірлеу кезеңдері», «Қызметкерлер жұмысының тиімділігін бағалау және олардың уәждемесінің құралы ретінде медицина персоналының еңбегіне ақы төлеу жүйесін енгізу», «Корпоративтік басқару», «HR қызметтердің заманауи моделі»сияқты және т. б. тақырыптар зерделенетін болады.
Семинар сабақтары пікірталас түрінде өткізіледі. Практикалық сабақтар шағын топтарда тест түрінде өткізіледі, жағдаяттық есептерді шешу, топтық тапсырмаларды орындау: денсаулық сақтау менеджерлерін үздіксіз кәсіби дамытудың типтік жеке жоспарын толтыру, медициналық ұйымның миссиясын қалыптастыру, желілік кестені әзірлеу және негізгі нәтижелілік көрсеткіштерін әзірлеу
.