«Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК денсаулық сақтау жүйесін реформалауды қолдау шеңберінде медициналық технологияны бағалауды (бұдан әріө МТБ) енгізу және клиникалық тәжірибе сапасын арттыруды жүзеге асыру мақсатында 2020 жылға арналған МТБ бойынша өтінімдерді қабылдаудың ашық екенін хабарлайды.
Өтінімдер «Денсаулық сақтау технологияларын бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2019 жылғы 22 мамырдағы № ҚР ДСМ-85 бұйрығының 2-қосымшасына сәйкес толтыруы қажет.
Өтінімдер ілеспе хатпен 2019 жылғы 30 қарашаға дейін «медициналық технологияларды бағалау бөліміне» деген белгімен, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, А.Иманов к-сі, 13-үй, «Нұрсәулет» бизнес орталығы, «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК мекенжайына пошта арқылы және office@rcrz.kz немесе rcrz.office@mail.ru электрондық поштасына жіберілуі тиіс.