Нұр-Сұлтанда «МЖӘ және инвестициядағы ESG факторлар» Бірінші халықаралық форумы өтуде

30 қазан - 1 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласының Конгресс орталығында «МЖӘ және инвестициядағыESG факторлары»атты бірінші халықаралық форумы өтуде, онда бүкіл әлемде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру перспективалары мен проблемалары талқылануда.

 

Іс-шара Азия Даму Банкінің қолдауымен ҚР Ұлттық экономика министрлігі және«Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ-мен ұйымдастырылды,және диалог пен тәжірибе алмасу алаңына айналуы тиіс. Форум барысында көтерілген тақырыптар Қазақстандағы МЖӘ тетіктерін дамытуға қосымша серпін бере алады. Осы форумның тең ұйымдастырушылары ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы және БҰҰДБ болып табылады.

 

Іс-шараға Канада, Корея, Түркия, Сингапур, Австралия және Ұлыбритания сарапшылары қатысты. Қатысушылар түрлі салалардағы МЖӘ жобаларын жүзеге асырудағы өз тәжірибесі туралы айтты.

 

Бұл ретте, форумның 2 сессиясы денсаулық сақтау саласына арналды: «Денсаулық сақтаудағы МЖӘ тұрақты денсаулық үшін: университеттік ауруханалардың МЖӘ жобаларының Кейс-сатылары»және«Денсаулық сақтаудағы МЖӘ тұрақты денсаулық үшін: аймақтық жобалар», онда ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыров құттықтау сөз сөйледі. Ол Қазақстандағы МЖӘ жобаларын жүзеге асыру барысы және инфрақұрылымды жаңғырту үшін ірі денсаулық сақтау нысандарын салу қажеттілігі туралы айтты.

 

Денсаулық сақтау сессияларында негізгі модератор-спикерлер ретінде «PwC» компаниясының МЖӘ бөлімінің кеңесшісі Хелен Стюард және «Concept realization» компаниясының басқарушы директоры Нассер Масуд қатысты.

 

Сондай-ақ, KHIDI директоры Чва-Соп Пэ, «YDA Group» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы, Түркия мердігерлері қауымдастығы басқармасы төрағасының орынбасары Хусейн Арслан және «DLA Piper» халықаралық заң фирмасының серіктесі Жозе де ПОНТЕ, Новосибирск облысының Инвестициялық даму аймақтық агенттігінің бас директоры Александр Зырьянов, «Медикер» ЖШС басқармасының төрайымы Айгүл Сегізбаева және «Daru Zharygy» ЖШС Бас директоры Ғалымжан Елеуов МЖӘ жобаларын жүзеге асыру бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.