2019 жылғы 1 қарашада Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының базасында Қазақстан мен Оңтүстік Корея Денсаулық сақтау министрліктерінің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.
Іс-шара Оңтүстік Кореяның Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі Жаһандық денсаулық сақтау департаментінің директоры Пак Чан-Гю мырза мен KHIDI Корея денсаулық сақтау индустриясын дамыту институтының Жаһандық денсаулық сақтау департаментінің директоры Бэ Джа-Соп мырзаның басшылығымен Оңтүстік Кореядан келген бейінді бағыттағы өкілдерінің қатысуымен өтті.
Келіссөздерге Оңтүстік Корея Республикасы ұйымдарының 11 өкілі қатысты, олар: KMDICA медициналық құралдар индустриясындағы Корей ынтымақтастық қауымдастығы, HIRA шолу және бағалау қызметі, KHIDI Корея денсаулық сақтау индустриясын дамыту институты, Корея Ұлттық онкология орталығы, KIMA Корея Халықаралық медициналық қауымдастығы, сондай-ақ KIND Корейлік Замор инфрақұрылымы және қала құрылысы корпорациясы.
Қазақстан тарапынан Денсаулық сақтау министрлігі мен Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері қатысты: Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы, Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сараптау ұлттық орталығы, «СҚ-Фармация», Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Оңтүстік Корея ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, оның ішінде денсаулық сақтау, медициналық туризм, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар, электрондық денсаулық сақтау, медициналық білім және ғылым саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытудағы тәжірибе мен білім алмасуды талқылады.
Сонымен қатар, Оңтүстік Корея делегациясының жұмыс сапары барысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыровпен кездесу өтті, денсаулық сақтау саласында Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның одан арғы әріптестігінің негізгі мәселелері талқыланды.