ДСДРО медициналық жоғары оқу орындарының, ҒЗИ, ҰО ғылым бойынша рейтингтік бағалаудың қорытындысы шығарылды
- Толығырақ
- Автор: Super User
Денсаулық сақтау дамыту республикалық орталығы 2019 жылғы ғылыми және инновациялық қызмет көрсеткіштері бойынша Қазақстан Республикасының медициналық жоғары оқу орындарының, ҒЗИ, ҰО рейтингтік бағасының қорытындысын және соңғы үш жылдағы рейтингтік көрсеткіштердің серпінін бағалауды шығарды.
2019 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының медициналық жоғары оқу орындарының рейтингісінде 1-ші орынды С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті иеленді. 2 –ші орын-Қарағанды медицина университеті, 3–ші орын-Астана медицина университеті, 4-ші орын - М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті. және 5 - ші орын - Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы. Айта кету керек, аталмыш рейтингтік орындар медициналық ЖОО, ҒЗИ, ҰО қызметкерлерінің ғылыми белсенділігінің нәтижелерін көрсетеді.
ДСТБ бойынша өтінімдер 15 мамырға дейін қабылданылады
- Толығырақ
- Автор: Super User
Құрметті әріптестер! Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК денсаулық сақтау жүйесін реформалауды қолдау шеңберінде денсаулық сақтау технологиясын бағалау (бұдан әріө ДСТБ) енгізу және клиникалық тәжірибе сапасын арттыруды жүзеге асыру мақсатында 2020 жылға арналған ДСТБ бойынша өтінімдерді қосымшақабылдаудың ашық екенін хабарлайды.
Өтінімдер «Денсаулық сақтау технологияларын бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2019 жылғы 22 мамырдағы № ҚР ДСМ-85 бұйрығының 2-қосымшасына сәйкес толтыруы қажет.
Өтінімдер ілеспе хатпен2020 жылғы 15 мамырға дейін «денсаулық сақтау технологиясын бағалау бөліміне»деген белгімен, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, А.Иманов к-сі, 13-үй, «Нұрсәулет» бизнес орталығы, «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК мекенжайына пошта арқылы және office@rcrz.kz электрондық поштасына жіберілуі тиіс.
«Ерте диагностика және науқастарды созылмалы бүйректің деңгейінде Алғашқы медициналық санитарлық көмек» тақырыбындағы 2-күндік семинар өтті.
- Толығырақ
- Автор: Super User
Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы базасында жалпы практика дәрігерлерінің, Қазақстанның 7 өңірінен нефрологтардың қатысуымен «Бүйректің созылмалы ауруы бар пациенттерді бастапқы медициналық санитарлық көмек деңгейінде ерте диагностикалау және жүргізу» тақырыбында 2 күндік семинар өтуде
15-19 жастағы жасөспірім қыздар ЭЫДҰ елдеріне қарағанда 6 есе жиі басанады
- Толығырақ
- Автор: Super User
Кеше, 12 наурыз күні медициналық көмекті жетілдіру орталығының бас маманы Раушан Бердыбекова Қазақстан Республикасында балалар мен жастар арасында жыныстық ағарту мәселелерін талқылау бойынша дөңгелек үстелде ерте жүктілік қаупі туралы өз баяндамасымен сөз сөйледі.
ДДҰ өкілімен кездесу
- Толығырақ
- Автор: Super User
А.ж.11 наурыз күні ДСДРО Бас директоры Қанат Тосекбаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстан Республикасындағы өңірлік кеңсесі басшысының м. а. д-р Энн Йохансен (Dr Anne S Johansen) ханыммен кездесті.