2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі клиникалық хаттамаларды (бұдан әрі – КХ) әзірлеу/қайта қарау жөніндегі функцияны бәсекелестік ортаға (бейінді медициналық қауымдастықтар, ғылыми-зерттеу институттары, ұлттық орталықтар, медициналық жоғары оқу орындары) берген. Дәлелді медицина қағидаттарына сәйкестікке КХ әзірлеу/қайта қарау регламентіне сәйкес КХ тақырыптарына басымдық беру және әзірленген/қайта қаралған КХсараптамалық бағалау жөніндегі функциялар ДСДРО-ға берілді.
КХ әзірлеу және қайта қарау ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік тапсырмасы бойынша жыл сайын жүргізіледі, бұл ретте 2016 жылы әзірленген (2019 жылы жаңартылған) және Медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссия мақұлдаған КХ әзірлеу және қайта қарау регламентіне сәйкес КХ5 жылда кемінде 1 рет қайта қаралады. Қазіргі заманғы технологиялармен салыстырғанда артықшылығы бар диагностика мен емдеудің жаңа әдістерін енгізу қажет болған жағдайда, негіздеме жәнеКХ клиникалық тиімділік пен қауіпсіздік туралы деректер, осы әдістердің дәлелділік деңгейі болған жағдайда кәсіби орта–медициналық ұйымдармен, ғылыми-зерттеу институттарымен, ұлттық орталықтарменбастамашылық тәртіппен қайта қаралуы және толықтырылуы мүмкін.
2013 жылдан бастап ДСДРО КХ әзірлеу/қайта қарау үшін ҚР денсаулық сақтау саласы үшін КХ басым тақырыптарын іріктеуді жүргізеді. Нәтижесінде бүгінгі күні 1000-нан асаКХ-дан тұратынКХ-ның өзекті базасы бар. 2013 жылы 224 КХ, 2014 жылы – 255 КХ, 2015 жылы – 285 КХ, 2016 жылы – 281 КХ, 2017 жылы – 180 КХ, 2018 жылы – 180 КХ әзірленді, 2019 жылы 180 КХ әзірлеу/қайта қарау жоспарланған.
Өзекті КХ ДСДРО-ның ресми сайтында еркін қолжетімді, әрбір КХ-да регалий, жұмыс орны көрсетілген әзірлеушілер тізімі бар