Ел халқына медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында көрініс тапқан денсаулық сақтаудың маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Ел халқының, оның ішінде ауыл халқының, әсіресе шалғай және қатынасу қиын өңірлерде тұратын медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін республика бойынша 50 жылжымалы медициналық кешен (бұдан әрі – ЖМК) жұмыс істейді.
ЖМК дегеніміз ұтқыр медициналық бригадамен жасақталған және бейінді мамандардың (хирург, акушер-гинеколог, отоларинголог, офтальмолог, стоматолог) медициналық қарап-тексерулеріне, зертханалық және аспаптық зерттеулерге (ультрадыбыстық және рентгенологиялық), ауруларды ерте диагностикалауға арналған скринингтерге, динамикалық тексеруге, уақтылы сауықтыруға, оның ішінде балаларды сауықтыруға арналған амбулаториялық-емханалық кешен болып табылады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасы шеңберінде ДСДРО 2019 жылдың 9 айында көрсетілген ЖМК қызметінің қорытындысын шығарды.
Сонымен, ЖМК қызметімен ауылдық елді мекендердің халқы 1,2 есе көп қамтылды: 2019 жылдың 9 айында 1 563 ауылдық елді мекендерде 680 мыңнан астам адам немесе 86%-ы, ал 2018 жылдың осындай кезеңінде жоспарланған санынан 1 319 ауылдық елді мекендерде 526 533 адам немесе 83% - ы қамтылды. ЖМК қызметімен қамтылғандардың 24% - ын балалар құрайды (164 232 бала).
Медициналық тексеру барысында ЖМК-да 300 мыңнан астам диагностикалық және 340 мыңнан астам зертханалық зерттеулер жүргізілді.
Бұл ретте, 13% немесе 87 789 адамда қандай да бір аурулар анықталған, бұл ретте анықталуы бойынша қанайналымы жүйесі аурулары жетекші орын алады, олар 23% немесе 20 253 адамды құрады: анықталғандар арасында әрбір төртіншісі.
Айта кету керек, ЖМК жыл соңына дейін 249 ауылдық елді мекендегі 300 мыңға жуық адамды қосымша қамтуды жоспарлап отыр. ЖМК жұмысы жалғасуда.