Елордада денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу шеңберінде медициналық ұйымдардың қызметтеріне сыртқы кешенді бағалау жүргізуге арналған оқыту курсы аяқталды.
Бұл курс медициналық қызметтердің сапасын жақсартуға, денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмектің дамуы мен қолжетімділігіне жауапты денсаулық сақтау ұйымдастырушылар мен менеджерлер, бейінді дәрігерлер, сарапшы дәрігерлер, мейірбике ісі бакалаврлар мен басқаруды ұйымдастыруға және сапаны қолдауды қамтамасыз етуге жауапты орта медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналды.
Оқыту курсы қатысушыларға Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы стандарттау және аккредиттеу саласындағы реттеуші базасының негіздерін таныстыруға, медициналық ұйымдарда іске асырылатын процестерді бағалау, медициналық қызметтердің сапасын басқару және тиімді коммуникациялар жүргізу, ақпараттық жүйелерде жұмыс істеу бойынша білімдері мен практикалық дағдыларын арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған. Бағдарлама аясында теориялық сабақтар, өмірдегі практикалық жағдайлар және аккредиттеу саласындағы өзекті мәселелерге арналған панельдік пікірталастарды қамтып, өткізілді.
Тындаушылар курс барысында медициналық мекемелерді сыртқы кешенді бағалау процестері туралы терең білім алып, аккредиттеу стандарттарын тиімді енгізу үшін қажетті дағдыларға ие болды. Сондай-ақ, денсаулық озық жақсы тәжірибелерімен танысты.
Денсаулық сақтау мамандарын осы тақырыпта оқыту медициналық қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін жақсартуға, сондай-ақ, денсаулық сақтау жүйесіне халықтың сенімін арттыруға бағытталған.
Біз өз тарапымыздан курс қатысушылары алған білімдері мен дағдыларын өңірлерде медициналық қызмет көрсету сапасын одан әрі дамытуға ықпал етіп, күнделікті тәжірибелерінде қолдана алатындығына сенеміз.