Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу шеңберінде медициналық ұйымдарды сыртқы кешенді бағалау бойынша оқытуға шақырамыз

       ҚР ДСМ «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК 2024 жылғы 26 ақпан - 1 наурыз аралығында денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу шеңберінде медициналық ұйымдарды сыртқы кешенді бағалау бойынша оқыту өткізетіні туралы хабарлайды.

       Оқытудың ұзақтығы: 60 сағат/2 кредиттен құралған.

       Оқытудың өткізілетін орны: Астана қаласы, Иманов көшесі 11, «Нұрсәулет» БО, 2 қабат, конференц-залы.

        Бұл оқу денсаулық сақтау ұйымдастырушылары мен менеджерлері, бейінді дәрігерлер, сарапшы дәрігерлер, мейіргер бакалаврлары, мейіргер мамандар үшін арналған.

        Оқытудың мақсаты - Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына және денсаулық сақтаудағы аккредиттеу стандарттарына сәйкес медициналық ұйымды аккредиттеуге дайындау жөніндегі қызметті ұйымдастырудың негізгі қағидалары бойынша білім алу мен жетілдіру болып табылады.

       Оқыту барысында тыңдаушылар әлемдегі медициналық ұйымдарды аккредиттеу саласындағы негізгі үрдістері, денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаттарын қолдану дағдыларына үйренетін болады.


       Оқытуға жазылу бойынша мына нөмірлерге хабарласыңыз 8(7172)700950 (ішкі 1028, 1106), 87021905222, 87753502886 не болмаса  office@nrchd.kz электронды поштаға жазуыңызға болады.

       Денсаулық сақтау саласы үшін маңызды іс-шараға қатысу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.

       Біз Сіздерді оқытуда асыға күтеміз!