Астанада Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы мен «Кәсіби медиаторлар және заңгерлердің халықаралық институты» РҚБ арасында Қазақстанның денсаулық сақтау саласында медиацияны дамыту бойынша ынтымақтастық және стратегиялық әріптестік туралы Меморандумға қол қойылды.
Ынтымақтастықтың басты мақсаты - денсаулық сақтау қызметкерлерінің медиация саласындағы құқықтық мәдениеті мен жауапкершілігін арттыру.
Осы меморандум аясында тараптар медициналық қызметкерлерді, денсаулық сақтау менеджерлерін медициналық дауларды (жанжалдарды) медиация (татуласу) арқылы шешу мәселелері бойынша оқыту, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудан бірлесіп өткізу арқылы медицина қызметкерлердің құқықтық мәдениеті мен жауапкершілігін арттыруды көздеуде.
Жалпы бұл білім беру компоненті кәсіби қызметтегі жеке және басқарушылық құзыреттерді дамытуға, денсаулық сақтау саласында медиация құралдары мен техникасын қолдануға, сондай-ақ мемлекеттік және жеке медициналық ұйымдар қызметкерлерінің құқықтарын қорғау мақсатында сотқа дейінгі және сот тәртібімен медицина қызметкерлеріне заңгерлік және медиативтік көмек көрсетуге арналған.
Медицина қызметкерлерін оқыту және медициналық дауларды шешу мәселелері бойынша қосымша ақпарат алу үшін мына нөмірлер арқылы хабарласуыңызға болады:
(+7 7172) 700 950 (ішкі 1028, 1106),
+7 702 190 52 22,
+7 777 343 74 33.