Бүгін шығындарды аурулар бойынша бөлуге негізделген Ұлттық денсаулық сақтау шоттарын қалаптастыру жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.
Топ ДДҰ-ның шақырылған сарапшысы, Consulting Group Curatio Sarl басқарушы серіктесі Давид Гзирешвилидің басшылығымен Денсаулық сақтау шоттары жүйесі үшін деректерді жинауды жетілдіру және автоматтандыруға техникалық көмек көрсету мәселелері жөніндегі ДДҰ-ның Барселоналық кеңсесімен ынтымақтастық шеңберінде тартылған ДДҰ қызметкерлері қатарынан құрылған.
Жұмыс тобының алдында тұрған негізгі міндеттер ауруларға арналған шығындарды бөлу бойынша қолда бар деректерді пайдалану үшін сипаты мен мүмкіндіктерін анықтау, сондай-ақ аурулар бойынша Ұлттық денсаулық сақтау шоттарын қалыптастыру үшін қолда бар деректер ағындарын жаңғырту мен тарту мүмкіндіктерін зерделеу болып табылады. Бұдан басқа, Ұлттық шоттар өндірісін автоматтандыруды қоса алғанда, ҰДСШ шеңберінде шығындарды есепке алу әдіснамасын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарын жасау көзделеді.