ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2019 жылдың І жартыжылдығын қорытындылады және жылдың соңына дейінгі жоспарларды нақтылады

Бүгін, яғни 29 шілдеде  ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде  2019 жылдың 1-жартыжылдығының қорытындысы мен жыл соңына дейінгі жорспарлар бойынша алқа отырысы өтті. ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Мемлекет басшысының денсаулық сақтау жүйесіне қатысты тапсырмаларына ерекше назар аударды. Басты міндет -  халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету және дәрігерлердің мәртебесін көтеру.

Отырыстың күн тәртібіне сәйкес жиында бірқатар маңызды мәселелер қаралды.

 

Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры Айнұр Айыпханова мемлекеттік "Денсаулық" бағдарламасының жүзеге асырылуы жайлы  баяндама жасады (2019 жылдың І жартыжылдығында).

Айнұр Айыпханованың айтуынша, 2019 жылға мемлекеттік бағдарламаның 7 басым бағыты бойынша 94 іс-шара жоспарланған. РДСДО мониторингіне сәйкес, биыл 6 айда 21 шара орындалды, 62-сі орындалуда, ал 11-і жүзеге аспай қалуы мүмкін.

 

"Бірінші міндет бойынша 14 көрсеткіш бойынша мониторинг жүргізілуде.  Өткен жылғы жасөспірімдер арасындағы суицид деңгейі алаңдатады: 5 айда 15-17 жастағы жасөспірімдер арасында 43 суицид тіркелді", - деді орталық директоры.

Сондай-ақ, 2019 жылдың І жартыжылдығында ана өлімін төмендету бойынша жедел жоспарлар, бала және сәби  өлімін азайту  жоспары бекітілді және іске асырылуда, көлік медицинасын дамыту шаралары қабылданды: 4 млн-нан астам адамға жедел медициналық көмек көрсетілді. Осы уақыт аралығында санавиация ұшағы 1  285 рет көкке көтеріліп, 1 550 пациентке көмек көрсетілді,  "Медициналық пойыз" жобасы 7 мыңнан астам адамды қамтыды, оның 1 465-і бала.

"Амбулаториялық-емханалық көмекті қолжетімді ету үшін іс-шаралар жүргізілуде: МСАК бойынша жоспар және МСАК деңгейінде динамикалық бақылауға жататын 25 нозология тізімі бекітілді, ЖТД-ның 1734 жаңа аумақтық учаскесі құрылды" - деді Айыпханова.

Жарты жылдықтың қорытындысы бойынша жоспардан қалыс қалған аймақтар бар. Маңғыстау және Қостанай облыстары - 8 көрсеткішті, Шымкент қаласы мен Атырау облысы - 7 көрсеткішті орындамаған.

 

Сонымен қатар, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева бірнеше жоспардың іске асырылғанын хабарлады: ҚР-да 2019-2020 жылдарға арналған МСАК дамыту бойынша іс-шаралар жоспары, ана өлімін азайту бойынша 2019 жылға арналған жедел жоспар,  бала және сәби өлімін азайту бойынша 2019-2021 жылға арналған іс-шаралар жоспары. Ақтаева МСАК-тің  негізгі проблемаларын атап өтті. МСАК мамандарының жүктемесі ауыр, кадр тапшы, дәрігерлердің біліктілігі жеткіліксіз, көрсетілетін қызметтер сапасы төмен және соның салдарынан халықтың МСАК қызметтеріне көңілі толмайды.

Сонымен қатар, осы кезеңде МСАК дәрігерінің жүктемесін төмендету және кадр тапшылығын жою, МСАК мамандарының жалақысын 30%  арттыру, МСАК ұйымдарында медициналық ақпараттық жүйелерді енгізу бойынша жұмыстар атқарылды.

 

"Жоспардағы 1 734  жаңа учаскенің 991-і ашылды, бір ЖПД учаскеге  тіркелген халық саны  1 926 адамнан 1 691-ге дейін төмендеді. Сонымен қатар, 1 жалпы практика дәрігерінің жүктемесі 1 989 адамнан  1 932-ге дейін азайды, МСАК ұйымдарында медициналық ақпараттық жүйелерді қамту 58%-дан  65%-ға дейін өсті, науқастарды АББ қамту 26% жетті, 2018 жылы 14,1% еді.  Ауруларды басқару бағдарламасы бойынша оқытылған МСАК мамандарының саны 9 есеге өсті, МСАК ұйымдарын компьютермен жабдықтау 82,6-дан 91,2% - ға дейін өсті", - деді Ақтаева.

Сонымен қатар, вице-министр жүкті, босанған әйелдерге және босанатын әйелдерге медициналық көмектің сапасы төмен, ал ана өлімі жоғары өңірлерді атады. Алматы - 4 жағдай, Қарағанды - 3 жағдай, ШҚО - 2 жағдай тіркелген.

 

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев өңірлерде денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін маманмен қамтамасыз ету және әлеуметтік қолдау шаралары, сонымен қатар,  денсаулық сақтау саласын  цифрландыру туралы екі баяндама жасады.

 

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров денсаулық сақтау саласындағы инвестициялар, 2018 жылы сатып алынған  дәрілік заттар және 2019 жылға жоспарланған сатып алу, 2018-2022 жылдарға арналған  онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру жайлы  және т. б. мәселелерді көтерді.

Қазір елімізде 8 160 мемлекеттік денсаулық сақтау нысаны  медициналық қызмет көрсетеді. Оның ішінде 640-ы аурухана (0,8%) және 7 520 амбулаториялық-емхана(92%). Ғимараттардың саны 10 мыңнан асады, олардың 56% астамы орташа тозған, Денсаулық сақтау ұйымдарының балансында 455 мың медициналық техника бар. Еліміз бойынша орта есеппен медтехникамен жарақтандыру деңгейі 73%, жабдықтың тозуы 50% астады. Денсаулық сақтау министрлігі өңірлердегі әкімдіктермен бірлесіп денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың перспективалы жоспарларын іске асыруға кірісті.

 

Осы тұрғыда биыл 2 негізгі міндет белгіленген: Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің конфигурациясын өзгерту; инвестициялық жоспарды тиімді іске асыру.

Конфигурацияны өзгерту бойынша 94 монопрофильді аурухананы 53 көп бейінді кластерге қосу жоспарланған.

Сонымен қатар, 2026 жылға дейін 1 876 денсаулық сақтау объектісінің  материалдық-техникалық базасын жақсартуға 1,5 трлн.теңге инвестиция қажет. 1,1 трлн. теңге  643 нысанның құрылысына жұмсалады. 122 млрд теңге 1 233 нысан күрделі жөндеуден өтеді және 319 млрд теңге  материалдық-техникалық жабдықтауға бағытталған. Сонымен қатар, өңірлердің жоспарына сәйкес инвестицияның  58% жеке инвесторлардың (883 млрд теңге) есебінен түседі.

  

238 денсаулық сақтау нысанының құрылысына және қымбат құрал-жабдықтармен жарақтандыруға 800 млрд.теңгеден асатын жеке инвестиция тарту жұмыстарын  жалғастыру қажет.

Осы соманың 90 % немесе 773 млрд теңге 15 ірі көп бейінді кластердің құрылысына тиесілі, олар республикалық деңгейде инфрақұрылымдық МЖӘ арқылы ұсынылады.

Осы тапсырманы өңірлерде әкімдіктер жүзеге асыруы тиіс. Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға бөлінетін қаражатты тиімді пайдалану қажет.

 

Сондай-ақ, отырыста денсаулық сақтау саласындағы реформалар мен мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін 2019 жылдың соңына дейін міндеттер айқындалды. Ол  - МӘМС енгізу және денсаулық сақтау саласын цифрландыру.

Отырысқа алқа және қоғамдық кеңес мүшелері, әкімдердің орынбасарлары, өңірлердегі  денсаулық сақтау басқармаларының, ведомствоға қарасты ұйымдар мен аймақтық департамент басшылары қатысты.