Нұр-Сұлтанда практикалық денсаулық сақтауға мейірбикелік қызметтің жаңа моделін енгізу мәселелері бойынша кеңес өтті

2019 жылғы 23 тамызда Нұр-Сұлтан қаласындағы № 2 қалалық балалар ауруханасы базасында ҚР ДСМ Ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры Сәуле Сыдықованың төрағалығымен «Практикалық денсаулық сақтау ұйымдарында мейіргерлік қызметтің жаңа моделін әзірлеу және енгізу» тақырыбында семинар-кеңес өтті.

 

Семинар жұмысына шамамен 61 адам – ҚР пилоттық медициналық 31 ұйымының, 7 пилоттық жоғары медициналық колледждің, ҚР медициналық ЖОО, Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының өкілдері, МСАК жөніндегі жобалық кеңсенің өкілдері, ДБ жобалық тобы және операциялық рәсімдер стандарттарын әзірлеушілер қатысты.

 

Сәуле Сыдықова қатысушылармен 2025 жылға дейін денсаулық сақтаудағы адами капиталды дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының шеңберінде ҚР-да мейіргерлік қызметті дамыту бағытын, сондай-ақ ҚР-да мейіргерлік қызметті қайта ұйымдастыру үдерісіндегі олардың құқықтық және әлеуметтік мәртебесін арттыруға бағытталған проблемалық мәселелерді талқылады.

 

ДСДРО медициналық білім беруді дамыту бөлімінің бастығы Зәуре Байғожина «Мейіргер ісі мамандарының кәсіби ортасын дамыту және мейіргерлерді қайта даярлау жүйесін жетілдіру» компоненті жөніндегі Ұлттық жоба іс-шараларының іске асырылу барысы туралы айтып берді.

 

Ұлттық жобаның жобалау менеджері Жанна Құланшиева «Кеңейтілген практика мейіргері» лауазымын енгізу шеңберінде медициналық ұйымдардағы штаттық кесте мен ұйымдық құрылымды өзгерту бойынша ұсынымдар берді.

 

Мейіргерлік іс жетекшілері мен түрлі деңгейдегі мейіргерлердің қызметі, ҚР-да Clinical Care Classification мейірбикелік диагноздар мен мейірбикелік араласулардың халықаралық жіктемесін мейіргерлік практикаға, дәлелді мейірбикелік практикаға  бейімдеу және т. б. баяндамалар тыңдалды.

 

Семинар шеңберінде сондай-ақ кеңейтілген практика мейіргерлеріне арналған операциялық рәсімдер стандарттарын (ОРС) әзірлеушілер ретінде жобаға қатысуға үміткерлермен кездесу өтті.

 

Семинар қорытындысы бойынша талқыланатын мәселелер мен семинарға қатысушылардың ұсыныстарын ескере отырып, қарар жобасы қабылданды.

 

Ұйымдастырушылар семинар шеңберінде ұсынылған практикалық денсаулық сақтау ұйымдарында мейіргерлік қызметті басқарудың жаңа жүйесін енгізу бойынша ұсынымдар ең үздік тәжірибелерді ескере отырып, «кеңейтілген практика мейіргері» жаңа лауазымын енгізуді ескере отырып, ұйымдық құрылым мен штат кестесі және лауазымдардың сипаттамаларын қайта ұйымдастыру мәселелерінде елдің жоғары медициналық колледждері үшін клиникалық база болып табылатын пилоттық медициналық ұйымдарға нұсқаулық ретінде қызмет етеді деп үміттенеді.