2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның медициналық ұйымдарының рейтингі жарияланды

ДСДРО ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсететін жеке медициналық мекемелерді қоса алғанда, ғылыми орталықтар/институттар мен медициналық ұйымдардың жыл сайынғы рейтингісін қорытындылады.

 

Рейтингті есептеу үшін индикаторлар ретінде көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы және ресурстарды пайдалану тиімділігі саласындағы 50-ге жуық ең маңызды көрсеткіштер іріктелді.

 

Саралау әдістемесінде осы жылы кейбір көрсеткіштер бойынша ең жоғары шекті балл көтеріліп кеткен: САТ-пен емделген науқастардың өсу қарқыны, стационардағы өлім-жітім; алдын алуға болатын аналар өлім-жітімі жағдайларының саны және көрсеткіштер бойынша ең жоғары шекті балл төмендеді; ақпараттық медициналық жүйелердің болуы; пациенттердің қанағаттану деңгейі; персоналдың қанағаттану деңгейі; дәрігердің 1 ставкалық орташа айлық жалақысының аймақ экономикасындағы орташа айлық атаулы еңбекақыға арақатынасы. Сонымен қатар, рейтинг жүйесіне жаңа профиль қосылды – «Орталық аудандық ауруханалар».

 

Орталық аудандық ауруханалар арасындағы рейтингке сәйкес, менеджмент көрсеткіштері бойынша 163 ОАА-ның 8-і (5%), ал клиникалық көрсеткіштері бойынша – 13-і (8%) «бес жұлдызды» деп аталды. Екі санат бойынша төрт жұлдызды 77 аудандық мекеме алды (47%), ал қалған ұйымдар үшеуден біреуге дейінгі жұлдыз алды.

 

17 ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтардың арасында екі санат бойынша бес жұлдызды «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ алды, сонымен қатар сараланушылар арасында көшбасшы болғандар «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ менеджмент бойынша 5 жұлдыз және «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» АҚ клиникалық көрсеткіштер бойынша 5 жұлдыз алды.

 

38 перзентханалар мен перинаталдық орталықтар арасында клиникалық көрсеткіштер мен менеджмент көрсеткіштері бойынша Батыс Қазақстан облысының «Облыстық перинаталдық орталығы» және Жамбыл облысының «Қалалық перинаталдық орталығы» көшбасшы болды. Сонымен қатар клиникалық көрсеткіштері бойынша 3 қалалық және 1 облыстық ұйымдар, ал менеджмент көрсеткіштері бойынша 1 облыстық және 4 қалалық босандыру ұйымдары көшбасшылар қатарында.

 

Екі санаттағы 224 стационардың ішінде үздік болып Алматы қ. «Орталық клиникалық аурухана» АҚ және «Көкшетау қалалық көпбейінді аурухана» атанды, сондай-ақ клиникалық көрсеткіштер бойынша көшбасшылардың қатарында 9 қалалық және 7 облыстық аурухана болды, менеджмент көрсеткіштері бойынша тек 1 облыстық және 3 қалалық ұйымдар 5 жұлдызды нәтиже көрсетті.

 

Тек қана 2 қалалық және 3 облыстық балалар стационары клиникалық көрсеткіштер бойынша ең жоғары баға алды, ал менеджмент көрсеткіштері бойынша 5 жұлдыз санатына бірде-бір ұйым кірмеген.

 

181 МСАК ұйымының ішінде 17 қалалық емхана менеджмент бойынша және клиникалық көрсеткіштер бойынша 2-уі ең жоғары нәтижеге қол жеткізді.

 

Саралау қорытындысы бойынша 75 диспансер арасында менеджмент санатында 5 ұйым және клиникалық көрсеткіштер бойынша тек 2 ұйым үздік болды.

 

Жалпы клиникалық көрсеткіштер бойынша медициналық ұйымдардың рейтингтегі нәтижелері менеджмент көрсеткішінен жақсырақ болды – 308 (43%) мекеме «4» және «5» деген бағамен 277-ге қарсы (38%).

 

Өткен жылмен салыстырғанда медициналық ұйымдарды басқарудың тиімділігін бағалау оң динамиканы көрсетті: 2017 жылы менеджмент санаты бойынша жоғары көрсеткіштерге (4 және 5 жұлдыз) 538 бағаланушының  ішінде 74 МҰ (14%), ал жаңа рейтингте 2018 жылы осы деңгейдегі 724 ұйымның ішінде 277 МҰ (38%) жетті.

 

Менеджмент көрсеткіштеріне ұлттық аккредиттеу рәсімінен өту, медициналық ақпараттық жүйелерді енгізу бойынша белсенді жұмыс, кадрлық ресурстарды нығайту және дамыту, сондай-ақ корпоративтік басқаруды дамыту үлкен әсер етеді.

 

Клиникалық көрсеткіштер көбінесе жоғары технологиялық медициналық қызметтердің дамуына, стационарды алмастыратын медициналық көмектің сапасы мен көлемін жетілдіруге және 2017 жылмен салыстырғанда клиникалық көрсеткіштер бойынша оң серпінге байланысты.

 

ДСДРО-ның медициналық ұйымдар рейтингі – бұл медициналық ұйымдарды қызмет көрсету сапасын үздіксіз арттыруға ынталандыру. Тұтынушыларды ақпараттандыру арқылы ол пациенттерге медициналық ұйымды саналы түрде таңдауға мүмкіндік береді.

 

Рейтингтік бағалаудың толық нәтижелерімен Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының сайтында танысуға болады.