Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің делегациясы Қарағандыдағы медициналық ұйымдарға барды

Үш күндік сапар шеңберінде ДСДРО қызметкерлері Ресей Федерациясынан келген делегацияны Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларындағы медициналық ұйымдар мен денсаулық сақтау объектілерінің жұмысымен таныстырды

 

Кеше, сапар барысында РФ Денсаулық сақтау министрлігі, Денсаулық сақтау саласындағы қадағалау жөніндегі федералдық қызмет және «Ұлттық сапа институты» ФМБМ өкілдерінен құралған делегация Ұлттық нейрохирургия орталығы мен Назарбаев Университетінің Медицина мектебіне барды. Ұлттық нейрохирургия орталығында делегация госпитальдық фармация бөлімінің қызметімен және дәрілік заттарды орталықтандырылған көбейту ерекшеліктерімен таныстырылды.

 

20 тамыз күні қонақтар Х. Ж. Мақажанов атындағы Қарағанды көпсалалы ауруханасында триаж жүйесін енгізу бойынша үздік тәжірибемен танысты.

 

Сонымен қатар, Қарағандыда делегаттар №2 көпбейінді ауруханаға барып, Қарағанды облысының медициналық ұйымдарының қызметін жедел мониторингілеу мен бақылауды қамтамасыз ететін Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының Жағдаяттық орталығымен танысты.

 

Ресейлік әріптестер елорда және еліміздің аймақтарында медициналық қызметтердің сапасын арттыру саласындағы Қазақстанның тәжірибесімен нақты жағдайда танысуға мүмкіндік берілгені үшін алғыстарын білдірді.

 

21 тамызда делегация республикалық маңызы бар елордалық медициналық ұйымдарға –Республикалық диагностикалық орталыққа, Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығына және Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына барады.

 

Презентация: Реформы здравоохранения РК

 

Презентация: Обзор рекомендаций по улучшению качества медицинской помощи

 

Презентация: Система аккредитации РК