ӘМСҚ және РЭДСО-мен бірге ДСДРО ұлттық денсаулық сақтау шоттарын жетілдіру үшін ақпараттық жүйелерді пайдалану мүмкіндіктерін талқылады

8 тамызда ұлттық денсаулық сақтау шоттарын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы «ӘМСҚ» КЕАҚ-мен және РЭДСО-мен ұлттық денсаулық сақтау шоттарын жетілдіру үшін ақпараттық жүйелерді пайдалану мүмкіндіктерін талқылады.


Жұмыс тобының қатысушылары бас директордың орынбасары Зарина Темекова мен ДДҰ –ның шақырылған сарапшысы Давид Гзирешвили «ӘМСҚ» КЕАҚ-ның ақпараттандыру жөніндегі басқарушы директоры Нұрбол Жұмаділдамен және бас директор Саин Шайхиевпен кездесу өткізді.


Кездесу аясында қатысушылар міндетті медициналық сақтандыруды енгізу барысында қолданыстағы ақпараттық жүйелерді денсаулық сақтау жүйесіндегі өзгерістерге бейімдеу мүмкіндіктерін, оларды ұлттық денсаулық сақтау шоттарын жетілдіру үшін пайдалану, аурулар бойынша денсаулық сақтау шоттарын құру және денсаулық сақтау жүйесінде қаржы ағындарын жан-жақты мониторингілеу мәселелерін талқылады.


Талқылау қорытындысы бойынша әдістемені әрі қарай жетілдіру және процестерді автоматтандыру үшін іс-шаралар жоспары әзірленді.