ДСДРО сыртқы есту жолының туа біткен бітеулігі мен микротия жағдайындағы реконструктивтік операциялар технологиясына бағалау жүргізді

«Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК «Сыртқы есту жолының туа біткен бітеулігі мен микротия жағдайындағы реконструктивтік операциялар» атты денсаулық сақтау технологиясына бағалау жүргізді.

 

Туа біткен есту атрезиясы мен құлақ құрылымының анатомиялық ақаулары бар пациенттерде сүйек өтімділігі бар есту аппаратын импланттау жиі жалғыз сенімді және басқа технологияларға қарағанда қауіпсіз емдеу әдісі болып табылады. Алайда бірден операциядан кейін және араласудан кейінгі ұзақ уақытта атрезиапластиканың нәтижелерін бағалау есту көрсеткіштерінің нашарлағанын көрсетті, бұл ретте, есту қабілетінің төмендеу көрсеткіші 84%-дан 61%-ға дейін өзгереді.

 

Бүгінде микротия жағдайында 4- және 2-кезеңдік реконструктивтік операциялар мен есту қабілетін қалпына келтіру операциялары тиімділік пен қауіпсіздіктің сенімді дәледілік базасына ие. Бұл ретте, құлақ жарғағын реконструкциялау мен сүйек өтімділігі бар аппараттарды импланттау бойынша құрама екікезеңді хирургиялық операциялар, соның ішінде екіжақты микротия үшін де қауіпсіз және тиімді болып есептеледі.

 

Қазіргі заманғы отохирургия атрезия мен микротия жағдайында техникалық күрделілік, операциялық араласудың ұзақтығы, клиникалық тиіміділік пен қауіпсіздіктің дәлелділік базасының және өте маңызды болып келетін, белгілі бір уақыт аралығы талап етілетін ұзақ мерзімді нәтижелерді бағалаудың жоқтығы үшін әлі кеңінен таралмаған біркезеңдік реконструктивті операцияларды әзірлеп, енгізуде.        

 

«Сыртқы есту жолының туа біткен бітеулігі мен микротия жағдайындағы реконструктивтік операциялар» технологиясын бағалау есебінің толық нұсқасымен Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының ресми сайтында сілтемесі бойынша танысуға болады.

 


Анықтамалық ақпарат:

 

Есту жолының атрезиясы – сырты есту жолының жоқтығы. Бұл туа біткен ақау және жиі құлақтың сыртқы және ортаңғы бөлігінің ауытқулары – микротиямен сүйемелденеді. Есту аппараты дамуының туа біткен ауытқуының бірнеше нұсқалары бар. Балада қалыптастырылған дабыл қуысы, есту сүйекшелері мен тірі есту жүйкесі бар, бірақ есту жолы толығымен жабық және жоқ болғанда немесе дабыл қуысы дұрыс қалыптастырылмаған кезде бұл емдеу тиімділігі тұрғысынан есту жолы атрезиясының ең перспективті нұсқасы болып табылады. Атрезиялар мен микротиялар жиі есту қабілетінің бұзушылықтарымен, кем дегенде – дабыл қуысының және жиі құлақтың ортаңғы бөлігі құрылымдарының жоқтығы үшін кондуктивті (өткізгіш) кереңдікпен үйлеседі. Анағұрлым күрделі нұсқасы – бұл есту қабілетінің нейросенсорлы жоғалуы – есту жүйкесінің өз қызметінің бұзылуымен үйлесуі.

 

Хирургиялық араласудың көлемі мен күрделілігі сыртқы есту жолы болмаған жағдайда механикалық дыбыс қуатының өткізгіштігін қалпына келтіру мақсатындағы каналопластикадан бастап дыбыс қуысын, есту сүйекшелерінің тізбесін қалпына келтіру, кохлеарлық импланттауға дейінгі патология нұсқасына тәуелді және микротия болған жағдайда жасанды протезбен, мәйіт протезімен құлақты реконструкциялау немесе қабырға шеміршегінен аутологиялық реконструкциялау талап етіледі. Құлақ арнасының атрезиясы мен микротияның баланың ішкі есту аппаратының басқа да көрсетілген туа біткен ақауларымен үйлесуінің ең күрделі нұсқаларында араласу технологиясы кезеңділікті сақтауды талап етеді.

 

Нәтижесінде, атрезиапластика (есту жолын қалпына келтіру) кезінде халықаралық зерттеулердің деректері бойынша шамамен пациенттердің 60%-тан 70%-ға дейінгі бөлігі емдеудің оң нәтижесін алады, бұл ретте, мерзімі ұзартылған кезеңдерде есту көрстекіштерінің нашарлануы байқалып, есту аппаратын реканалдау және импланттау бойынша қайта хирургиялық араласу қажет етілуі мүмкін.