Нұр-Сұлтан қаласында медициналық көмектің сапасын тәуелсіз сараптау жүйесін жетілдіру мәселесі бойынша селекторлық кеңес өтті

20 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында СҚ-Фармация кеңсесінде ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің, олардың аумақтық бөлімшелерінің, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ, ДСДРО, кәсіби қауымдастықтар өкілдерінің, ЗТБ және тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен медициналық көмектің сапасын тәуелсіз сараптау жүйесін жетілдіру мәселесі бойынша селекторлық кеңес өтті.

 

Кеңес қорытындысы бойынша тәуелсіз сараптама жүйесін реттеудегі заңнамалық олқылықтарды жою, сапасын жақсарту және олардың қызметін стандарттау бойынша ұсыныстар әзірленді.

 

Ұсыныстар:


– бір заңды тұлға жеке тұлғалар (Палата мүшелері) жүргізетін тәуелсіз сараптаманың сапасы үшін толық жауапкершілік алуы үшін Тәуелсіз сарапшылар палатасы түрінде бірыңғай ұлттық ӨРҰ-ға практикадағы тәуелсіз сарапшылардың міндетті қатысуын (мүшелігін) енгізу;

 

– тәуелсіз сараптама жүргізуге үміткер жеке тұлғаларды міндетті сертификаттау не аккредиттеу арқылы тәуелсіз сарапшы ретінде қызметке жіберу процесін қайта енгізу;

 

– тәуелсіз сарапшылардың бірыңғай ұлттық тізіліміне жоғары сапалы кадрларды іріктеу мақсатында тәуелсіз сарапшыларға қойылатын біліктілік талаптарын арттыру.

 

Тәуелсіз сараптаманы жақсарту жөніндегі ұсыныстармен ДСДРО-ға координатор Айгүл Сейдахметовағахабарласуға болады: ұялы тел. +7 (701) 441-92-00office@rcrz.kz