Бүгін ДСДРО ұйымы қазақ тілін дамытуға бағытталған «Абай оқулары» сайысын өткізді. Бұл іс-шара - ұлағатты ойшы, ақын және жазушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналды.
Әрбір бөлімнің белсенді қызметкерлері мемлекеттік тілде Абайдың қара сөздерін жатқа айтып, өлеңдерін баяндап, әндерін айтып берді.
Абайдың 41-ші қара сөзін мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті және иефрақұрылымды дамыту маманы Қамалиева Жадыра оқыды, 24 және 31 қара сөздерін денсаулық сақтау экономикасы орталығының қызметкерлері Өмірбаева Бибигүл мен Салімғали Ғаниет оқып жалғастырды.
Аккредиттеу орталығының қызметкерлері әріптестеріне «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңімен бейнефильм дайындады. «Құлақтан кіріп бойды алар» өлеңімен медициналық көмекті дамыту орталығынан Попов Игорь, ал «Сен мені не етесің» шығармасымен Орынбасарұлы Алдияр және Айнекова Жадыра шықты. Төрехан Бекс стратегиялық дамыту орталығының атынан «Күз» өлеңін баяндап, ал менеджмент орталығынан Жұмағұлова Құндыз «Есіңде барма жас күнің?» өлеңін айтты.
Сондай-ақ, менеджмент орталығы барлық қатысушылармен біріге отырып «Көзімнің қарасы» әнін орындады. «Желсіз түнде жарық ай» әнін бас директор Айыпханова Айнұр мен оның орынбасары Темекова Зарина шырқап берді.