ДСДРО Санкт-Петербургте UNWTO Бас Ассамблеясының жиырма үшінші сессиясына қатысты

9-13 қыркүйек аралығында Санкт - Петербургте әлемнің 150-ден астам елінен келген делегаттарды бір алаңға жинаған UNWTO Бас Ассамблеясының жиырма үшінші сессиясы болып өтті.

 

Қазақстандық делегация ДСДРО, ҚР МСМ жанындағы Туризм индустриясы комитеті, Астана Конвенцшн бюросы, сондай-ақ Испаниядағы ҚР Елшілігінің өкілдерінен болды.

 

UNWTO Бас хатшысы Зураб Пололикашвилидің қатысуымен өткен«Емдеу-сауықтыру туризмі» тақырыбы бойынша жоғары деңгейдегі Форум маңызды іс-шаралардың бірі болды. Форумда емдеу-сауықтыру туризмі саласының ағымдағы жағдайы, даму үрдістері мен перспективалары, жаңа мүмкіндіктер мен сын-қатерлер талқыланды.

 

Мүмкіндікті пайдалана отырып, ДСДРО медициналық туризмді дамыту бөлімінің басшысы Сейсенбек Ғалымжан Қазақстандағы медициналық туризмнің қазіргі жағдайы туралы сөз сөйлеп, барлық қатысушыларды UNWTO аясында және Астана конвенциялық Бюросының қолдауымен 9-12 қазан күндері Нұр-Сұлтан қаласында өтетін 8-ші Жаһандық Саммит аясында өтетін медициналық туризм бойынша параллель сессияға шақырды.

 

Сондай-ақ, «Қырғыз туризм» МК директоры Богушевич Данияр мырзамен кездесу барысында медициналық туризм саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.

 

Сонымен қатар, Өзбекстан Республикасының Туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік комитетінің департаменті директорының орынбасарымен, Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы Туризмді дамыту жөніндегі комитет төрағасының орынбасарымен, Венгрия Үкіметі жанындағы Венгр туристік агенттігінің аға кеңесшісімен және UNWTO-ныңүлестес мүшесі болып табылатын SITI 1 Халықаралық ұйымының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі директорымен кездесулер өткізілді.