ДСДРО медицина қауымдастығына әдістемелік қолдау көрсету мақсатында пульмонология саласындағы жетекші ұлттық сарапшы К. А. Гаркаловтың қатысуымен бірлесіп, МСАК-тың үздік практика орталығында «Өкпенің созылмалы обструктивтік ауруы» (СОӨА) нозологиясын Ауруларды басқару бағдарламасына пилоттық енгізу бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірледі.
Әдістемелік ұсынымдарда СОӨА басқару бағдарламаларын табысты енгізу және ауруларды диагностикалау мен емдеу мәселелеріне тереңдемей, оның тиімділігіне қол жеткізу үшін қажетті іс-шараларды жүргізудің ұйымдастырушылық мәселелері ұсынылған. Сондай-ақ, АББ негізгі элементтері, оны енгізу кезеңдері, АББ моделін ұйымдастыру жағдайлары, СОӨА басқару шарттары көрсетілген, енгізуді бағалау индикаторлары әзірленді, пациенттерді өзіндік менеджментке және бақылау құралдарына оқыту әдістемесі баяндалған.
Осы Әдістемелік ұсынымдар СОӨА-ны АББ-ға енгізу кезінде Денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларына, МСАК практикалық денсаулық сақтау мамандарына көмек көрсетеді.
Әдістемелік ұсынымдармен толығырақ ДСДРО сайтында «Әдістемелік ұсынымдар» бөлімінде танысуға болады.
«Өкпенің созылмалы обструктивтік ауруы» нозологиясын Ауруларды басқару бағдарламасына пилоттық енгізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар МСАК-тың үздік практика орталығында 2019 жылғы 26 маусымдағы № 31 сараптамалық кеңесте бекітілген.
Анықтамалық ақпарат:
Созылмалы жұқпалы емес аурулар (СЖЕА) бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстан Республикасында да өлім-жітімнің, сырқаттанушылықтың және мүгедектіктің басты себебі болып табылады. Бұл жағдай Қазақстан үшін СЖЕА мәселесін ерекше өзекті етеді. Stanford University Patient Education Center пікірінше, СЖЕА ауыртпалығы жыл сайын артып келеді, созылмалы аурулар 2049 жылға қарай 300% - ға ұлғаяды.
ДДҰ мәліметтері бойынша, СЖЕА барлық өлім-жітімнің 86% - ына және ауру ауыртпалығының 77% - ына негіз болып табылады, бұл денсаулық сақтау жүйесіне жүктеме тудырады, экономикалық дамуға зиян келтіреді.
Тиісінше, СЖЕА даму және өршу қаупі факторларының алдын алу медицина қызметкерлері жұмысының, әсіресе медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) деңгейіндегі маңызды бағыты болып табылады.
Мемлекет Басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған мемлекет үшін тиімділігі аз және шығынды диспансерлеуден негізгі созылмалы ауруларды басқаруға көшу туралы тапсырмасын орындау шеңберінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанның барлық өңірлерінде МСАК көрсететін медициналық ұйымдар деңгейінде ауруларды басқару бағдарламасын белсенді енгізу іс-шараларын өткізді.
Қазіргі уақытта АББ енгізу үш нозология бойынша жүргізіледі: артериялық гипертензия (АГ), қант диабеті (ҚД) және созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (СЖЖ) және ағымдағы жылдың соңына дейін СОӨА бойынша АББ пилоты шеңберінде МСАК-тың үздік практика орталықтарының бірінде енгізу жоспарланады. 8 айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда АББ-ға 475572 пациент қатысады, бұл үш негізгі созылмалы ауру бойынша динамикалық бақылауға жататын пациенттердің жалпы санының 29% - ын құрайды.